Accessibility links

Түркия парламенті сейсенбі күні өз үкіметінің Ираққа әскери жасақ жіберу жөніндегі шешіміне дауыс берді.


Ирақтағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында бұл аймаққа Түркия үкіметінің түрік жасақтарын жөнелтуіне құқық беру мәселесіндегі дауыс беруде, оны депутаттардың басым бөлігі қолдаған. Түркияның ресми өкілдерінің айтуынша, Түркия тұрақтылық қамтамасыз ету үшін Ираққа 12,000 түрік әскерін жібере алады. Дегенмен, осы жолғы даусы берулерде нақты қанша әскери жасақ жөнелтілетіні туралы айтылмаған. АҚШ әкімшілігі Түркия парламентінің бұл шешімін оң қабылдап, мұны жүзеге асыруда Анкарамен егжей-тегжейлі жұмыс жасалатын болады деп айтты. Ал, Ирақтың Басқару Кеңесіндегі бір топ өкіл Ирақтың аймағына Түрік әскерлерінің келуіне қарсылықтарын білдірген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG