Accessibility links

АҚШ-тың Калифорния штатының жаңа губернаторы белгілі болмақ.


Калифорнияда алғашқы санақ нәтижелері бойынша демократ-губернатор Грэй Девистің орнынан кетуін қолдап 56 пайыз сайлаушы дауыс берсе, калифорниялықтардың 50 пайыздан аса бөлігі республикандық Арнольд Шварценегерді штаттың жаңа губернаторы ретінде көргісі келеді. Шварценегер өз жеңісін тойлап жатыр. Калифорниялықтарға арнау сөзінде ол былай деді: - Мен халықтық губернатор болғым келеді. Мен барлықтарыңыздың өкілі болуды қалаймын. Мен Калифорния халқына сенемін және мен біз бірлесе қыруар іс тындыратындығымызды білемін. Мен біз бірге әлемнің ең ұлы елінде бұл штатты қайтадан ең ұлы жасайтындығымызды білемін. Вице-губернатор Круз Бустманте 30 пайыз дауыс жинады. Сайлау орындарына 10 миллион адам келді. Қапсағай денелі Арнольд Шварценегер Австрияның тумасы әлемге мәшхүр актер, американдық арманды іске асыра білген жан.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG