Accessibility links

НАТО Ауғанстандағы бейбітшілік сақтау күштерін кеңейтпек.


НАТО-ның Ауғанстандағы бітімгерлік жасақтарының күзетін Қабулден де сырт жаққа кеңейтпек ниетін Ауғанстан басшылығы зор қошеметпен қарсы алды.

Қабул. Ауғанстан сыртқы істер министрлігі сейсенбі күні НАТО-ның Ауғанстандағы бітімгерлік жасақтарын Қабул сыртына кеңейтпек шешімін зор қошеметпен қарсы алды деп жазады Қабулден тілшіміз Рон Синовитс. Алайда, халықаралық дағдарыс тобының өкілі Самина Ахмед бұл кеңею бейбітшілік әкеледі дегенге күдік келтіреді.

"Әрине НАТО-ның бітімгершілік жасақтарының аясын кеңейтпек шешімі оң шешім. Алайда, ол мандаттың қаншалықты нәтижелі болары Ауғанстандағы бітімгерлік міндетін НАТО қаншалықты өз мойынына алуына байланысты."

Өз атын атамаған НАТО өкілі болса, Брюсселде бұл шешім тек әзірше Ауғанстандағы халықаралық жасақтарды Қабул сыртына шығару жөніндегі НАТО шешімі деді. НАТО Ауғанстандағы халықаралық жасақтарға тамыз айынан бері басшылықты қолға алған. Одан әрмен Ауғанстандағы НАТО қадамы заңды болуы үшін НАТО-ға мүше 19 елдің келісімі қажет. НАТО-ға мүше елдер Ауғанстанның Құндыз өлкесіндегі құрылысқа басшылық етуді Германия құзырына беруге келісті. Халықаралық дағдарыс тобының өкілі Самина Ахмад:

"Германия жағының ұсынысы бойынша бұл ел Құндызда небары 250 жауынгерлік шағын жасақ ұстағысы келеді. Өлкелік құрылыс командасы үшін бұл мейлінше жеткілікті."

Самина Ахмадтың ойынша халықаралық жасақтардан құралған өлкелік құрылыс командасы осы қарайлас солдаттардан тұрады делініп келісілген болатын. Азаматтар мен солдаттардан құралған бұндай құрылыс командасы екі міндет атқармақ: бір жағынан жергілікті жерлерде құрылысты жүргізсе, екінші жағынан террорға қарсы жергілікті жердердегі шағын базаларға айналмақ.

"Бұндай өлкелік құрылыс командасын құру американдықтардың идеясы. Американдықтардың бұл идеяны ұсыну себебі Құрама Штаттары бітімгершілік жасақтарын Қабулден сыртқа шығаруға қарсы."

НАТО-ның бұл бітімгершілік жасақтарын Ауғанстан бойынша кеңейту алдында НАТО-ның 15 дипломаттан тұратын делегацисы Мазари-Шариф, Қандағар, Герат өлкелеріне сапарға шыққалы отыр. Халықаралық құрылыс командалары бұл өлкеледрде өз жұмыстарын кәзірдің өзінде бастағаны аян. Лондондағы стратегиялық зерттеулер институтының маманы Оксана Антоненко пікіріне жүгінелік:

"Солтүстікте... бұл аймақ кәзірдің өзінде бақылауға алынғандықтан, бітімгерлік жасақтарын енгізуді ерте бастауға болады. Ал, оңтүстікте... керісінше талибандармен шайқас әлі жүріп жатыр."

Халықаралық дағдарыс тобының маманы Самина Ахмад Ауғанстанда алдағы маусым айында жалпы халықтық сайлаудың өтетінін еске алсақ, халықаралық бітімгершілік жасақтарын кеңейту шарасы тым кеш басталды деп біледі.

"Түстік пен шығыстың біраз бөлігінде талибанның қайта бас көтеруі бұл өзі тауқыметке айналуы мүмкін."
XS
SM
MD
LG