Accessibility links

Халықаралық ұйымдардың Орта Азия мен Кавказ аймағына ықпалы

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Әлем банкі, БҰҰ, Европа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымы Орта Азия және Кавказ аймағы елдеріне өз ықпалын жақыннан тигізе бастады.

Тілшіміз Кеймбридж қаласынан хабарлағанындай, АҚШтың солтүстік шығысындағы Гарвард университетінде Орталық Азия мен Кавказ аймағы мемлекеттеріндегі қазіргі саяси- экономикалық ахуалға арналған халықаралық конференция болып өткен.

Талдаушылардың пайымдауынша, тараған Советтік одақтан тәуелсіздік алғанына 12 жылдан асса да, Орталық Азиядағы 5, ал Қавказдағы 3 республика экономикалық және саяси демократиялық салада айтарлықтай табысқа жете қоймаған.

Кедейлер саны көбейіп отырған кезде, үкімет басындағылар аутаритарлық режим жүйесіне дағдылана бастаған. Гарвард университетінде өткен конференция кезінде осы мәселеге көбірек назар аударылған.

Әлем банкінің Өзбекстандағы өкілі Давид Пиастың айтуынша,

- Орталық Азия және Кавказ елдері су, энергия саласында өзара ынтымақтасып, есірткі саудасымен күресте, сауда-саттықты дамытуда жақын байланыста болғанда ғана бірер игі нәтижеге қол жеткізуі мүмкін.

Пиастың айтуынша, Қазақстан өз қойнауындағы бай энергия қорларына орай, экономикалық деңгейде жарқын болашаққа үміт артса болады .

Оның пікірінше, Қырғызстан экономикалық реформа саласында, азаматтық қоғам құру ісінде айтарлықтай табысты болған. Бірақ нарықтық базар үдерісінде әлі атқарылар шаралар баршылық.

- Ал, Тәжікстандағы жағдай тіптен күрделі. Азаматтық соғыс аяқталғанымен жанжалдар жиі орын алып, әзірше бұл елде аймақтық тұрақтылық орнаған деуге келіңкіремейді, - дейді Әлем банкі өкілі.

Түгелдей дерлік оқшаулануда қалған бейтарап Түркіменстанда ең болмаса су саласында көршілес республикалармен өзара ынтымақтастық жоқтың қасы.

Тұрғындары жағынан ең көпсанды Өзбекстанда болса, өз экономикасын аяққа тұрғызу үшін әле біршама уақыт қажет болар.

Давид Пиастың айтуынша, ортаазиялық басшылар аймақтық өзара ынтымақтастық ұлттық мүддеге қайшы келеді деп есептейтін сияқты. Сондай-ақ, саяси қарама-қайшылықтардан көптеген аймақтық мәселелер өз шешімін таба алмай келеді.



- Әсіресе су саласында Орта азия елдері үш жақты , көпжақты байланысқа отырулары қажет, - дейді өкіл.

Ал Вашингтондық ғалым Марта Брилл Олкоттың пікірінше, орт азиялықтар өзара байланыста жұмыс істеу саласында көптеген мүмкіндікті қолдан шығарып алған.

- Батыс елдері Орта азия мен Қавказ елдеріне дер кезінде өз әсер ықпалын өткізе алмады, - дейді профессор.

Марта Олкоттың айтуынша, өткен 12 жылда Орта Азия үкіметтері өзім білермендікке салынып , өзге ел тәжрибелеріне бет бұрмады.

- Халықаралық қаржы ұйымдары Қазақстан мен Қырғызстанда бі шама табысты істеді. Сондықтан бұл елдерде экономикалық реформа жүйесі бі шама дамыған, - дейді Олкотт.

Марта Брилл Олкотт та теңізге жолы жабық бұл республикалардың өзара аймақтық ынтымақтастық байланыстан өзге жолы жоқ дейді.

Мысалы, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан Ресейге бірер зат жеткізу үшін Қазақстан жолдарын пайдалануға мәжбүр.

- Өкінішке орай, өткен 12 жылда халықаралық қауымдастық бұл тәуелсіз мемлекеттерге дұрыс та пайдалы қандай жолмен жүру бағытында бірер ұтымды кеңес айта алмай келеді, - дейді зерттеуші.

Марта Олкоттың айтынша, АҚШтағы 2001 жылғы қыркүйектің 11-індегі террорлық шабуылдарға орай, Орта Азиядағы ежелгі бақталас елдер де , күтпеген жерден, өзара жақын қарым-қатынаста болуларына тура келіп отыр.

Ресей бұл елдермен экономикалық байланысын нығайтса, АҚШ Орта Азия мен Кавказ аймағы елдерінде өзара қауіпсіздік шараларын қолға ала бастады, - деп жазады профессор Марта Брилл Олкотт.
XS
SM
MD
LG