Accessibility links

Трансперанси Интернәшнл әлемдегі 133 мемлекеттегі сыбайлас жемқорлық жөнінде жылдық ақпарат жариялады.


Халықаралық Трансперанси Интернәшнл ұйымы бүкіл әлем бойынша 133 мемлекеттегі сыбайлас жемқорлық жөнінде өзінің жылдық баяндамасын жариялады.

Жалпы алғанда үкіметтік ресми адамдардың коррупция – сыбайлас жемқорлықпен байланысы қандай дәрежеде ?

Бұл сұраққа денсаулықтан бастап оқуға дейін пара беретін бүкіл әлем елдеріндегі ондаған миллиондаған адам, "коррупция өркендеп тұр !" деп оңай ғана жауап берген болар еді, деп жазады талдаушылар.

Бірақ олардың пікірінше, сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша қанша іс қозғалып, қанша жемқор сотталды ? деген сауалға жауап беру қиынның қиыны.

Міне сондықтан, коррупциямен күресетін халықаралық ұйым Трансперанси Интернәшнл бұл мәселені жүйелі түрде зерттеп, әдетте өзінің жылдық қорытынды баяндамасын жариялап тұрады.

Ұйымның қазанның 7-і күні жариялаған ақпаратына сенсек, Солтүстіктегі екі ел Финлядия мен Исландия денсаулық саласы бойынша коррупциядан таза мемлекеттер болып шыққан.

Сондай-ақ, Орталық және Шығыс Европа елдері бойынша Ұйымның атқарушы директоры Миклош Маршалдың айтуынша:

- Экономикасы дами бастаған Словения, Эстония, Мажарстан, Литва сықылды елдердегі денсаулық саласында сыбайлас жемқорлық дерлік кездеспейтін көрінеді. Әсіресе, Балтық жағалауы мемлекеттері кейбір қиыншылықтарға қарамастан, біртіндеп коррупциядан арылып келе жатқан сияқты.

Маршалдың жазуынша, бұрыңғы Советтік аймақтан Беларусьтағы көрсеткіш, он баллдық өлшеммен алғанда, 4.2 деңгейіне дейін төмендегенімен, Болғария және Чехиядан жоғарылау екен.

Бұл индексациялық өлшемдер әрине демократияның көрсеткіші емес дейді директор. Егер бизнесмен лицензия алу үшін пара беретін болса, оны жемқорлықтың шағын көрінісі деуге келеді.

- Біз Беларусь елін болашақта коррупция индексациясы бойынша тізімге кіргізу мәселесінде біраз тартыстық. Расында бұл өзі алмұрт пен алманы салыстырғандай ғана нәрсе. Ал, Чехия сықылды еркін базары, нарықтық экономикасы дамыған кейбір елдерде, бір қызығы, сол еркіндіктің арқасында сыбайлас жемқорлыққа мүмкіндік молдау,

-

дейді Миклош Маршал.

Директордың айтуынша, коррупциялық индексация тізіміне Босния және Хорватия сықылды елдер алғаш рет еніп отыр.

- Зерттеу жүргізілген елдердегі жағдайдың көрсеткеніндей, халықаралық бизнестік қауымдастық ол мемлекеттерге жіті назар аудара бастаған. Бұл - дұрыс жаңалық, себебі халықаралық қауымдастық ол елдердегі коррупциямен күресте жергілікті үкіметтерге әсер ете алуы мүмкін, -

дейді Маршал.

Коррупциялық тізімнің ең төменгі жағында Украина, Қырғызстан, Гүржістан және Тәжікстан тұр. Бірақ директордың айтуынша, халықаралық ұйымды алаңдатып отырған негізгі бір нәрсе, бұл мұнай өндіретін елдердегі жағдай.

- Бізді ерекше ойландыратын мәселе, пост-коммунистік аймақтағы мұнайға бай елдер - Әзірбайжан мен Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жағдайы. Бұл республикалардағы коррупцияны жою жолында әзірше бірер игі өзгеріс байқалмайды, - дейді Маршал.

- Теория жүзінде ол елдердегі мұнайдан түскен байлыққа қатардағы қарапайым елдің де ие болу құқығы бар. Бірақ іс жүзінде ол байлық үкімет басындағы сыбайластардың қалтасына түсуде, - дейді Маршал.

Міне сондықтан, Трансперанси Интернәшнл халықаралық мұнай компанияларынан қызметтес болған елдегі үкіметтерге, ондағы мұнай компанияларына берілген қаржы көлемі жөніндегі деректерді жариялап отыруын сұрайды.

- Мұндай деректі мәліметтер бейүкіметтік ұйымдардың, ресми басшылыққа, шет елдік компаниялардан алған ондаған млн доллары жөнінде талап қоюына мүмкіндік береді. Бұл әсіресе мұнайға бай елдер Әзірбайжан мен Қазақстанға тікелей қатысты, - дейді директор.

Жыл басында әлемдегі ең дәулетті елдердің 8-дік тобы да мұнай компаниялары және олар мен қызметтес елдердің үкіметтерінен арадағы қаржылар жөнінде дерек-мәліметтердің ашық жариялануын сұраған болатын. Бірақ ондай мәліметтер әзірше ерікті түрде берілетін емес сияқты, дейді талдаушылар.

Миклош Маршалдың айтуынша, түрлі аймақтағы коррупциямен күресуге ниетті белсенді қауым баршылық. Сондықтан Трансперанси Интернәшнл егер қажет болса, сыбайлас жемқорлық өркендей түскен елдердегі бейүкіметтік ұйымдармен өзара кеңесіп, оларға көмегін беруге дайын екендігін білдіреді.
XS
SM
MD
LG