Accessibility links

Арнольд Шварценнегер АҚШтағы Калифорния штатының губернаторы болып сайланды.

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Австрияда туып өскен, белгілі кино актер Арнольд Шварценнегер АҚШтың Калифорния штатының жаңа губернаторы болып сйланды.

АҚШтың батыс штатында тұратын 34 млн-дай адамнан кемінде 10 млн-ның дауыс беруі
нәтижесінде қызмет басындағы демократ губернатор Грей Дейвистің орнына республикандардан Шварценнегер келді.
Ал, сайлаушылар Калифорнияда енді жаңа экономикалық өзгерістер болады деген үмітте.

АҚШтың батыс аймағындағы калифорниялықтар өздерінің қызмет басындағы губернаторы Грей Дейвистің орнына белгілі кино актер Арнольд Шварценнегерді штат жетекшісі етіп сайлады.

Калифорния штатындағы экономикалық нашар ахуал үшін қатты сынға ұшыраған Дейвис бұл бәсекеде өзінің жеңілгендігін мойындады.

- Бүгін халық бұл орынға басқа адам қажет деп шешті. Ол шешімді мен де қабылдаймын. Осыдан бір неше минөт бұрын мен Арнольд Шварценнегерге телефон шалып, оны губернаторлық орнымен құттықтадым, - деді бұрынғы губернатор.

Грей Дейвис - АҚШ тарихында мерзімінен бұрын қызметтен алынған 2-ші , ал Калифорниядағы жолы болмаған 1-ші губернатор.

Міне енді сайлау нәтижелері ресми түрде түгелдей құжаттап, қатталғаннан соң қарашаның 15-і күні Шварценнегер өз кеңсесі билігіне отырып, бұрынғы губернатордан қалған 3 жылдық қызмет мерзімін соңына дейін жеткізбек.

Арнольд Шварценнегер алғаш спорттық бодибилдинг бәсекесінің жеңімпазы ретінде әлемге танылса, артынша Голливуд түсірген "Терминатор" фильмінің бас кейіпкері ретінде атағы әйгі болды. Ол 135 үміткер қатысқан бұл губернаторлық сайыста 30 жылдық саяси күрес тәжрибесіне ие, іс басындағы губернатор Дейвистің өзінен үстем түсті.

Сол Дейвис осыдан бір жыл ғана бұрын Калифорния штатының губернаторы болып екінші мерзімге қайта сайланған болатын.

Сонымен, белгілі актердің бұл жеңісіне алдымен губернатор Дейвистің экономикалық, қаржы саласындағы кемшіліктері себепші болса, 2-ден, сайлау науқаны кезінде Шварценнегер жұмсаған 10 млн доллардың да салмағы аз болмаған.

Сайлаудың өз пайдасына шешілгендігін білген соң Арнольд Шварценнегер, рахметін алдымен өз өмір жолдасына бағыштап, кейін:

- Мен сондай-ақ, Калифорния халқына өз ризашылығымды білдіремін. Сіздер мені қушақ жая күтіп алдыңыздар. Менің жеңіске жетуіме сіздер үлкен мүмкіндік бердіңіздер, - деген Шварценнегер.

Ақпан айында губернаторлыққа қайта сайланғанына 3 ай толмай жатып, Калифорнияда Грей Дейвисті қызметтен алу қажет деген қозғалыс басталды. Шілде айына дейін ол қозғалысты қолдайтын миллиондаған қол жиналды. Сонымен губернаторды қайта сайлау жөніндегі референдум жарияланды. Губернаторлықтан үміткер 135 адамның арасында, Дейвиске қоса, бұрынғы бала актер және порно шоуде қатысатын кино актерлерге дейін бар еді.

Сонымен, сайлау нәтижесі бойынша, 56 пайыз адам Дейвистің қызметтен кетуіне дауыс берсе, 50 пайыздан астам калифорниялық Шварценнегерді қолдаған. Бұл - 1 жарым миллиондай адам деген сөз.

Ал, 2-орынға 924 мың дауыспен губернатор орынбасары демократ Бустаманте ие болған.

Калифорнияда 34 млн тұрғын бар. Бұл АҚШтағы адам саны жағынан ең үлкен көрсеткіш болса, бүкіләлемдік экономикалық табыста Калифорния - бесінші орында.

Жаңа губернатор - президент Бушпен партиялас. 1987 жылы бұрынғы президент Джон Кеннедидің жиені Мария Шриверге үйленіп, АҚШтағы аса беделді демократтар отбасына жақын адам болып шыға келген.

Енді міне, Шварценнегер алдында Калифорниядағы 8 млд. доллар ақша тапшылығы - қаржы дефицитімен күресу сияқты ауыр міндет тұр.

- Мен 2 айдан бері штаттағы бюджетті реттеу мәселесін көтеріп келемін. Алдымда бизнесті реттеу, жұмыс орындарын көбейту, білім беру саласын жетілдіру тәрізді аса маңызды міндеттер тұр. Сондай-ақ, азаматтардың үкіметке деген сенімін қайта қалыптастыру керек, - дейді жаңа губернатор.

Бірақ оны тақтан тайдыруға бар күшін салғандар да баршылық . 2000 жылға дейін бізге нәпсіқумарлық махаббат ойындарын көрсетті, деп 15 шақты әйел шағыммен келген. Сондай-ақ , Шварценнегер жас кезінде Адольф Гитлердің талантына табынған, деген арыздар да баршылық. Бірақ ол:

- Мені қолдаған және қолдамаған жас пен кәріге де, бай мен кедейге де, түрлі ұлттағы, діндегі, нәсілдегі адамдарға да мен қо ұшын беріп, оларға құрметпен қарап, халықтың губернаторы болғым келеді, - дейді актер - губернатор Арнольд Шварценнегер.
XS
SM
MD
LG