Accessibility links

Мәскеуде "Ресей мен Қазақстандағы құқықтық жүйелердің ықпалдастығы және оларды реформалау" тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.


9-10-қазанда Қазақстан әділет министрлігі мен Жоғарғы сотының бастамасымен Ресейдегі Қазақстан жылы аясында Мәскеуде өтетін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты - екі ел заңгерлерінің арасындағы екі жақты байланыстарды нығайту, сот-құқықтық жүйесін жаңалау саласындағы тәжірбиемен алмасу, екі елдің құқықтық жүйесіндегі проблемаларды айқындау және оларды шешу жолдарын қарастыру болып табылады. Қазақстан жағынан конференцияға Қазақстан әділет министрі Оңалсын Жұмабеков, Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми, Қазақстанның жетекші құқықтанушы сарапшылары мен ғалымдары, парламент депутаттары қатысады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG