Accessibility links

Арнольд Шварценнегер Калифорния штатының губернаторы


Ол губернаторлық қызметіне 15 қарашада кірісетін болады. Сәрсенбі күні болған сайлауда жеңіске жетіп, бұрынғы губернатор Грей Дэвистің орнына келген австриялық културист, Голливудтың кино жұлдызы, республикандық Арнольд Шварценнегер калифорниялықтардың алдына шығып сөйлегенінде, экономикалық дағдарысты еңсеру үшін штаттың саясаткерлерін бірлесуге шақырды. - Біздің алдымызда қиын таңдаулар тұр. Бірінші таңдау, ол біздің жетістігімізді анықтау үшін жасалу керек. Біз бірлесіп өз штатымызды қалпына келтіреміз немесе өзара күресіп, Калифорния халқын сәтсіздікке ұшыратымыз ба? Жақсы, маған бір нәрсе айтуға рұхсат етіңіздер, оның жауабы айқын. Халық үшін-жеңу керек, саясат әдеттегідей артта қалуы қажет, - деді өзіне дауыс берген сайлаушыларына алғысын айта келе, Калифорния губернаторлығына өткен Арнольд Шварценнегер. Американың ең дәулетті штаты Калифорнияның бюджет тапшылығы 38 млд долларға жеткен соң, штаттың экономикалық мәселесі демократ Грэй Дэвистің орнынан кетуіне негізгі себепші болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG