Accessibility links

Израил қорғаныс министрлігі террорлық шабуыл болу мүмкіндігіне орай қауіпсіздік шараларын қамтып отыр.


Израил жаңа террорлық шабуылдар қаупі туып отыр деген себеппен Иорданның батыс жағалуы мен Газа секторына қосымша әскери жасақтарын жөнелтіп отыр. Израилдың қорғаныс министрі Шауль Мофаз қорғаныс құрылысын бекітіп, Палестина аймағындағы әрі-бері сапырылысуларды шектеуді тағы да ұзарту жөнінде жарлық берді. Израил премьер министрі Ариель Шарон Палестина аутономиясының жетекшілігіне Жол картасы деген бейбіт жоспарға сәйкес, экстремизмге нүкте қойлсын, әйтпесе Палестина мемлекеті болмайды деп ескертті. Өткен түні Иорданның батыс жағалауында болған атыстардан үш израилдік әскер жараланған.
XS
SM
MD
LG