Accessibility links

Вашингтон Ирақ бойынша жаңа қарар Қауіпсізсік кеңес мүшелерінің пікір-қайшылықтарына қарамастан қабылданады деп үміттенеді.


АҚШ әкімшілігі әлі де БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Ирақты қайта құру жөніндегі өздері ұсынған қарарды кеңестің басқа мүшелерінің қарсылықтарына қарамастан мақұлдайды деген үмітін білдірді. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Ричард Баучердің айтуынша, Ақ үй бұл құжатқа байланысты барлық талап-тілектерді ескеруге тырысты. Сонымен бірге, Баучер осы қарардың дауысқа салынбауы мүмкіндігін де жоққа шығармады.
XS
SM
MD
LG