Accessibility links

Әлемдегі жасөспірімдер проблемаларына арналған арнайы баяндаманы БҰҰ-ы жариялап отыр.

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Әлемдегі жасөспірімдер проблемаларына арналған арнайы баяндаманы БҰҰ-ы жариялап отыр. Ондағы мәліметтерге қарағанда миллиондаған қыздардың кәмелетке толмастан тұрмысқа шығып, балалы болуы - олардың денсаулықтарына кері әсер етіп жатады.

БҰҰ жанындағы Әлем халықтарының қоры тарапынан дайындалған арнайы баяндама “Әлем халықтарының 2003 жылғы жағдайы” деп аталады. Бұл жолғы баяндамада негізінен жасөспірімдер санының әлем бойынша өсіп отырғаны және олар кездесіп отырған басқа да проблемаларға талдау жасалған. Аталған қор өкілдерінің бірі Омар Ғарзеддини- сәрсенбі күні Прагада осы баяндаманы жариялағандардың бірі. Азаттық радиосына берген сұхбатында ол былай деді. “Биылғы жылғы баяндамада негізгі назар жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын сақтау хұқықтарына және басқа да мұқтаждарына аударылып отыр. Қазіргі таңда жер шарындағы халықтаң бір миллиард 200 миллионы, немесе әрбір бесінші тұрғыны 10 мен 19 жас аралығында екен. Мұның өзі адамзат тарихындағы жастар санының ең биік көрсеткіші болып отыр" дейді Ғарзеддини мырза. Олардың бетпе-бет келіп отырған проблемаларының негізгілері- қыздардың ерте бала көтеруі, жыныстық қарым-қатынастар арқылы ару жұқтыру, зорлық-зомбылыққа тап болу және СПИД ауруына шалдығу сияқты жағымсыз жағдайлар. Кедей елдердегі миллиондаған қыздар үшін тағдырдың жазуы- ерте жастан күйеуге шығып, балалы болу боп қалды. Мұның соңы кейбірі үшін жарық дүниемен қоштасу, ал келесі біреулері үшін денсаулығынан айрылу құбылыстарына алып келуде. Көптеген қыздар өз отбасы кедей болғандықтан да немесе ұлттық салт-дәстүрлеріне орай тұрмысқа ерте шығып жатады дейді мақала авторы, Азаттық радиосы жаңалықтар бөлімінің тілшісі Катлин Нокс.



Бұл баяндамада аталған қиын -түйіндерді шешу жөнінде нақты ұсыныстар жасала қоймаған, әрине. Дей тұрғанмен, онда әлем бойынша, тұрмысқа шығу жасын ұзарта түсу мен жастардың иммундық жүйесін жақсарту саласында, кейбір елдерде жүзеге асырылған нақты бағдарламалар мысал ретінде келтірілген. Мысалы, Бангладештегі орта мектеп мұғалімдері оқуларын толық бітіргенше тұрмысқа шығуды доғара тұру жөнінде қыздарға арнайы кеңес береді екен. Ал, Үндістанның көптеген аймақтарында оқушы қыздардың мектеп оқуын бітіргенше тұрмысқа шықпай тұра тұруы үшін арнайы сыйлықтар, тіпті ақша да берілетін көрінеді. Шынтуайтына келгенде, көптеген жасөспірімдер тағдырының ерте бастан тәлкекке түсуіне негізінен қаржының тапшылығы әсер ететіні түсінікті де. Осы орайда, әлемнің бай елдері дамушы елдердегі халық денсаулығын сақтау және олардың басқа да мұқтаждарын өтеуі үшін уәде еткен көмектерінің тіпті жартысына жетпейтін бөлігін ғана жүзеге асырған екен. Аталған баяндама осындай көмектердің әлем жастарына алдағы уақытта қажетті деңгейде көрсетілуіне шақыруда.
XS
SM
MD
LG