Accessibility links

Палестина парламенті жаңа үкіметтің құрамы бойынша дауыс беруді кейінге қалдырды.


Осыған дейін, премьер министр Ахмед Курей егер жаңа үкіметтің құрамы жөніндегі пікір қайшылықтар шешілмесе, өзінің орнынан кететінін айтқан. Палестина автономиясының басшысы Ясир Арафат өткен жексенбіде Ахмед Курейді үкімет басы етіп тағайындап және 8 министрден тұратын төтенше кабинет құратындығын да хабарлаған болатын. Ахмед Курей одан да кең құрамды үкімет құрылса деген жақта. Ал, кеше Түлкарм қаласының жанында орын алған терактіден соң, Израил әскерлері Иорданның батыс жағалауы мен Газа секторын бақылауда ұстап отыр.
XS
SM
MD
LG