Accessibility links

Ирақта болған шабуылдан кемінде он адам қайтыс болған.


Бағдадтағы полиция бекетінде бір жанкешті бомба жарып, онда 8 адам көз жұмып, бірнешеуі жараланған. Испанияның Хосе Антонио Бернал Гомес деген дипломаты да үйінің алдында атып өлтірілген. Бір американдық сарбаз, Бақуба қаласына жақын жердегі әскери базаға жасалған шабуылда мерт болған. Бұл шабуылдар Құрама Штаттардың Хуссейн режимін құлатып, Бағдадты бақылауға алғанына алты ай болған күні жасалып отыр.
XS
SM
MD
LG