Accessibility links

Бүгін таңертең Израил әскері қарулы палестиндықтармен қақтығысты.


Бүгін таңертең Израил әскері Газа секторының Рафах босқындар қосында палестиндықтар тарапынан қарулы қарсылыққа тап болды. 3 палестиндық оққа ұшып 28-і жарақаттанды. Рафах босқындар қосына ондаған танкттер мен әуеден тікұшақтар жорық жасаған. Израил әскерінің айтуынша олар Палестина қарулы топтарының қару жасыратын жер асты туннелдерін қиратуды көздеген. Кеше қызметке кіріскеніне 4 күн болған Палестинаның жаңа үкімет басы Ахмед Күрея елбасы Ясер Арафатқа өзінің бұл қызметтен бас тартуы мүмкін екенін ескерткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG