Accessibility links

Ауаның ластануы Қазақстанның өзекті мәселелерінің бірі


8 қазан күні Алматыда ауаның ластану мәселелеріне арналған халықаралық конференция басталды.

Бұл жиынға келген Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандары мен тоғыз мемлекетің сарапшылары Қазақстан жағы әзірлеген ұлттық баяндаманы талқылап жатыр.Халықаралық конференцияның Алматыда өтуіне ат салысқан «Қазгидромет» мемлекеттік мекеменің жетекшісі Тұрсынбек Кодековтың айтуынша ұлттық баяндаманы қазақстандық мамандар жоғары деңгейде әзірлеген. Енді бұл баяндаманы өзге мемлекеттер үлгі ретінде пайдалана алады.

Тұрсынбек Кодеков, «Қазгидромет» мемлекеттік мекеме директоры: - Бұл семинар алдында біздің қазақстандық мамандар мен халықаралық сарапшылар көктем маусымында бас қосып, арнайы ұлттық баяндама әзірлеген болатынбыз. Енді осы баяндаманы біз үш жақты талқылап жатырмыз. Біріншіден, қазақстандық мамандар, екінші жағынан халықаралық сарапшылар, үшінші жағынан бұл семинарға келген 9 мемлекеттің мамандары. Ұлттық баяндамада ауаның қалай ластанатыны жөнінде, оны кім ластайтыны жөнінде ақпарат көп. Енді осы ақпарат негізінде әзірленген баяндама ТМД елдеріне үлгі болмақ. Басқа елдердің мамандары бұл ұлттық баяндаманы үлгі ретінде пайдаланады.Бұл баяндамада керек деректің барлығы егжей-тегжей баяндалған.

Бүгінгі таңда мамандардың айтуынша, Қазақстан ауасын ластайтын өнеркәсіп мекемелерінің басым көпшілігі қоршаған орта мәселесіне назар аудара бастаған. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мемлекеттік бақылау департаментінің директоры Бек-Болат Елеушовтың айтуынша, бұл мақсатта министрлік айтарлықтай жұмыс атқарып жатыр.

Бек-Болат Елеушов, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мемлекеттік бақылау департаментінің директоры: - Мен ойлаймын бұл керек семинар.Себебі біздің үкімет қабылдаған бағдарлама бойынша, біз үлкен жұмыс жасап жатырмыз. Қазақстан бойынша, жылу беретін мекемелер бар, сосын бізде мұнай-газ саласында жұмыс жасайтын мекемелер қоршаған ортаға айтарлықтай зиян тигізіп отыр. Сол себептен қазіргі кезде біздің министрлік осы мекемелермен меморандумға қол қойып отыр.Ал бұл компаниялар өздеріне міндеттеме алып жатыр. Сол себептен бүгінгі конференция өте керек шара, деп ойлаймын.

Қазақстандық мамандар ұлттық баяндама негізінде ауаға қандай мекеме, қандай мөлшерде зиян тигізетінің зерттеген. «Қазгидромет» директоры Тұрсынбек Кодековтың айтуынша, бұл мәселе жөнінде ақпарат жинау қиынға соққан жоқ.

Тұрсынбек Кодеков, «Қазгидромет» мемлекеттік мекеме директоры: - Қазақстан тарапынан бүгінгі семинарға 6-7 сарапшы қатысты, олардың арасында Статистика агенттігінің, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мамандары бар. Негізінде бар ақпаратты осы мекемелер ұсынды, біздің өзімізде бар ақпаратты да пайдаландық. Бұл ақпараттың барлығы бұқаралық ақпарат құралдарына белгілі ақпараттар.

Қазақстанның экологиялық қоғамының мүшесі Асылхан Артықпаев 8-10-шы қазан аралығында өтетін конференцияға шақырылмаған, ұлттық баяндама әзірлегенде Асылхан Артықпаевтың айтуынша ресми билік өкілдері экологиялық қоғам өкілдерін шақырмауға тырысады.Оның себебін Асылхан Артықпаев былай деп түсіндірді.

Асылхан Артықпаев, Қазақстанның экологиялық қоғамының мүшесі: - Қоғамдық ұйымдар жік-жік болып кеткен. Олардың басым көпшілігі жеке басының мәселелерімен болып жүр,сол себептен біздің бұл мәселе жөнінде ортақ бір саясатымыз жоқ. Бұл бірінші мәселе,екіншіден,қазірКеңес Одағы кезінде жұмыс жасаған үлкен өндіріс орындары жұмысын тоқтатып тұр,ал жұмыс жасап жатқандары шетелдік инвесторлардың қолында, олар бақылауды біз өзіміз жасаймыз,біз барлық заңдарға сайкес, жұмысымызды экологияға зиян тигізбей жүргіземіз, дегенді айтады. Шын мәнінде олардың экологияға зиян тигізіп отырғанын қоғамдық ұйымдар дәлелдеп берген.

Ал енді мемлекет тарапынан неге бақылау жоқ, деген сұраққа келер болсақ, бізде Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мамандары жиі ауысып отырады. Кейде бұл министрліктің мамандары өзгереді, кейде бұл министрліктің аты өзгереді, нәтижесінде жұмыс өз деңгейінде атқарылмайды, сол себептен арнайы бақылау жоқ. Бұл орайда екі күндік семинарға қатысушы Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта мәселесі жөніндегі аймақтық кеңесшісі Бо Либерт талқыланып жатқан ұлттық баяндаманы Қазақстанның ауаның тазалығын бақылаудағы жасап отырғын алғашқы қадамдарының бірі дегенді айтты.

-Қазақстан үлкен мемлекет, бұл мемлекетте өнеркәсіп мекемелері көп болғандықтан бұл ел үшін ауа тазалығының мәселесі өзекті. Сол себептен бұл мемлекет өзге елдердің ауасын ластамау үшін, ауаның тазалығына назар аударып отыруы керек, - дейді Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі Бо Либерт.
XS
SM
MD
LG