Accessibility links

Бекре балығын сақтап қалу мақсатындағы тағы бір ұсыныс


Мамандығы бойынша эколог болмаса да қоршаған ортаны қорғау мәселесімен шұғылданатын Мэлс Елеусізов Балхаш көлін алдағы 20-30 жылда бекре балағымен толтыруды жоспарлап отыр.

Оның себебін экологиялық «Табиғат» одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов Балхаштағы балықтың азайып бара жатқанымен түсіндіреді.

Мэлс Елеусізов, Экологиялық «Табиғат» одағының жетекшісі: - Бекре деген өте керемет балық, миллиондаған жыл бойы келе жатқан балық ғой. Бекре балықтың 90 пайызы осы Каспий өзенінде болады. Каспийдағы мұнай бағасымен балықтың бағасын салыстырғанда балықтың құны жоғары болады. Балықты жыл сайын алуға болады, ал мұнай біраз уақыттан кейін жоқ болады,бірақ қазір бұл балықтың жағдайы қиын болып кетті. Ұрылар көп, бұл мәселеге мемлекеттер назар аудармайды, су ластанып жатыр. Каспийдың түбінен мұнай табамыз дегені де бұл үлкен қауіп. Сонымен қатар, бекре балықтың саны азайып бара жатыр. Мұнай табу барысында, апат орын алса, онда барлығы қырылады.

2000-шы жылы Балхаш форумы өтті, сонда профессор Митрофанов осы бекре балығын сақтау үшін, оны Балхашқа әкеліп өсіру керек, деді. Бұл өте дұрыс ұсыныс, деп ойлаймын. Балхаштың суыда жақсы, сонымен қатар Балхаш суын балықпен қамтамасыз етіп, онда тұратын халық жұмыссыз қалмайтын еді. Себебі қазір бұл өңірдегі халықтың жағдайы төмендеп кеткен, сол жағдайды ретке келтіруге болар еді.

Бүгінгі таңда Мэлс Елеусізов бастаған арнайы топ, бекре балықты көбейтіп, өсіруге болатынын дәлелдеп шыққан, енді бұл жобаны Қазақстан үкіметі қолдаса, Мэлс Елеусізов жоспарын іске асыруды көздеп отыр.

Мэлс Елеусізов, Экологиялық «Табиғат» одағының жетекшісі: - Біз екі жыл бұрын Астрахань мен Атыраудан осы балықтың уылдырығын әкеліп, өсіре бастадық. Басында, әрине, қиын болды, бірақ бұл балықты өсіруге болатынын біз дәлелдеп шықтық. Енді бұл балықтарды өсіріп, көбейтіп, оны Балхаш көліне жіберуге болады. Қазіргі кезде Балхаштағы балықтың саны азайып кеткен, егер Балхашқа бекре балығын жіберетін болсақ, бұл өте жақсы іс болады.

Мэлс Елеусізов бекре балықтарды Балхаш көліне жіберуден бұрын халық арасында бұл балықтың ерекшелігін айтып насихат жүргізуді армандайды.

Мэлс Елеусізов, Экологиялық «Табиғат» одағының жетекшісі: - Қазір біз бағдарлама әзірлеп қойдық, енді бұл бағдарламаны үкімет қолдауы керек, себебі бұл жобаны іске асыру үшін көптеген қаржы керек. Сонымен қатар, халық арасында насихат жүргізу керек, себебі қазіргі кезде бекре балығының уылдырығы үшін Ресейда адамдар бірін-бірі өлтіруге дайын. Егер балықты қолмен өсіретін болсақ, онда ол балыққа деген көзқараста өзгереді, бекерден-бекер оны қыра бермейді адамдар. Сол себептен бұл жобаның маңызы зор.

Қазан айының 10-12 –ші жұлдызы аралығында Балхаш форумы өтеді, экологиялық «Табиғат» одағының жетекшісі Мэлс Елеусізовтың айтуынша, бұл басқосуда бекре балық мәселесі тағыда сөз болады.
XS
SM
MD
LG