Accessibility links

Өзбек мұғалімінің ой-толғауы


Қазақстанда мекендейтін өзбек халқының басым көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады. Бұл облыста 100 астам орта білім беру мектебі бар.

Сол мектептердің бірі Шымкент қаласында орналасқан 14-ші орта білім беру мектебі. Зухра Ташмухамедова осы мектепте 30 жылдан астам уақыт бойы балаларға дәріс беріп, тәрбиелеп келе жатыр.

Зухра Ташмухамедова өзінің мамандығы мұғалім болғандықтан ұзстаздар мерекесін ерекше күтеті . Үстіміздегі жылы мұғалімдер мекересін Зухра Ташмухамедова Алматыда атап өткендіктен балаларымды сағындым, дегенді айтады.

Зухра Ташмухамедова, Өзбек мектебінің ұстазы: - Мен қазіргі кезде Алматыда өзбек мектептеріне арналған кітаптарды өңдеумен шұғылданып жатырмын. Жылсайын мұғалімдер мерекесін балаларымның арасында қарсы алаушы едім. Үстіміздегі жылы бұл мерекені Алматыдағы әріптесттеріммен бірге атап өттім, бірақ маған балаларымның қасымда жоқ болғаны білінді. Әрдайым балаларымды көрсем қуанып кетемін, олар менің қалымды сұрағанда, қиындық барын ұмытып кетемін. Сол себептен мен ойлаймын, біздің жұмыс қиын болсада, оның жақсылығы көп.

Зухра Ташмухамедова Қазақстанда туып өскенімен, ұзтаз мамандығына Өзбекстан елінде ие болған. Кеңес Одағы кезінде Өзбекстанда жоғары білім алғанымен қазіргі кезде Зухра Ташмухамедова тарихи отанындағы білім жүйесіне енгізілген өзгерістер жөнінде бейхабар.

Зухра Ташмухамедова, Өзбек мектебінің ұстазы: - Ташкенттегі мемлекеттік университетті тәмәмдадым. Ол уақытта білім беру сапасы жоғары болатын. Сол кезде біз шекара, дегенді білмейтінбіз. Қазір ары-бері жүріп-тұру қиын. Өзбекстанда менің ағам бар, қызым, немерем бар. Соларға бару қиынға соғады, осы мәселе шешілсе, деп ойлаймын. Өзбекстандағылардың жағдайы нашар болғанымен,ол жақтағы кітаптардың сапасы өте жоғары. Қарап отырсақ, біз бір халықпыз ғой. Шекара не үшін керектігін білмеймін. Болашақта достығымыз жақсарады, деп үміттенемін.

30 жыл бойы ұзтаз болған Зухра Ташмухамедова Қазақстандағы білім деңгейіне де риза емес, ұтаздың пікірінше болашақ ұрпақты тәрбиелейтін жас мұғалімдердің білім сапасы төмендеу, деп айтуға болады.

Зухра Ташмухамедова, Өзбек мектебінің ұстазы: - Бұрын білім сапасы жоғары болатын, қазір жағдай өзгерген. Менің пікірімше, егер жоғары білім беру орындары ақылы болмағанда, мұндай жағдайға жол берілмейтін еді.Бірақ бұл мәселенің барлығы адамның өзіне байланысты ғой. Мұғалім мамандағы өте жауапты мамандық, дәрігерлердің жауапкершілігі де сондай, сол себептен бұл әр адамның ұятында болу керек, деп ойлаймын.

Қазақстандағы өзбек балаларын білім нәрімен сусындатып жүрген Зухра Ташмухамедова білім жүйесіндегі кемшіліктерді, ұзтаз жұмысы бағаланбайтындығымен түсіндіреді.

Зухра Ташмухамедова, Өзбек мектебінің ұстазы: - Ақша мәселесі қиын. Мен Алматыдағы жағдай қандай екенін білмеймін, бірақ біздегі ұстаздардың еңбекақысы төмен. Ұстаздардың еңбегі бағаланғаны дұрыс . Себебі мектепке келгенде оның жағдайы болмаса, бұл балалардың біліміне әсер етеді.Мұғалім жан-жақты болу керек, ал ол үшін оның жағдайы жақсы болу керек. Егер ұстаздың көңіл күйі жоғары болса, онда ол балалардың алдында әртіс болуға дайын. Сол себептен мұғалімдерге жағдай жасалу керек. Мен кезінде жарты жылдай мектептен кетіп қалған болатынмын, себебі ақшаны аз төлейді, бірақ жұмысы өте қиын. Жарты жыл жұмыс жасамай, мектепке қайта оралдым, себебі көз алдыңда балалар өседі, үлкен азамат болады, осының барлығын көріп қуанған жақсы.

Өз өмірін сипаттай келе бірнеше ұрпақты тәрбиелеп шыққан маман Зухра Ташмухамедова, атқарып жатқан жұмысына риза екенін айтты. Зухра Ташмухамедова, Өзбек мектебінің ұстазы: - Тұрмысымыз жаман емес, көп азамат жұмыспен қамтамасыз етілген. Мектептерде кітап жетіспегенімен, қазір бұл мәселеге айтарлықтай назар аударылып, шешіліп келе жатыр. Бұрын біз керек кітаптарды Өзбекстаннан алатынбыз. Қазір Қазақстан өзі шағарып жатыр.

Әңгіме соңында Зухра Ташмухамедова өзінің арманын айтты.

Зухра Ташмухамедова, Өзбек мектебінің ұстазы: - Балаларымның білімі тереңрек болса, деп армандаймын. Өзбек және қазақ халықтары арасындағы достық жақсарса, деп армандаймын, ең бастысы бейбітшілік болсын.

Осылай өзбек балаларын тәрбиелейтін маман, болашақ ұрпақтың білімін жоғарлату үшін аянбай жұмыс жасай беруді жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG