Accessibility links

ЕҚЫҰ баспасөз мәслихатын өткізді

  • Досан БАЙМОЛДА

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Алматыдағы орталығының бастығы, елші Антон Рупник баспасөз мәслихатын өткізді

Қазанның 9 ы күні Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы яғни ОБСЕ нің Алматыдағы орталығының бастығы, елші Антон Рупник тілші журналистер алдында баспасөз мәслихатын өткізді. Елші Антон Рупник Алматыдағы осы орталықтан өткен қыркүйек айында істелген жұмыстар мен алдағы уақытта істелетін жұмыстар кестесімен таныстырды. Елші Антон Рупник қыркүйектің басында өзінің Қазақстанның сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевпен жұмыс бабында кездесіп Қазақстанда өтетін сайлау мәселесін талқылап, Қазақстанда алда қабылданатын жаңа сайлау заңына байланысты ОБСЕ тарапынан ұсынылып отырған ұсыныс пікірлер туралы сөйлескендігін хабарлады.

Қазақстан сыртқы істер министрі өз тарапынан Қазақстандағы демократиялық процесстердің тоқтамай алға қарай жүріле беретіндігіне сенімділік таныта отырып Қазақстан 2009 шы жылы ОБСЕ нің кезекті төрағасы қызметін атқаруға дайын екендігін білдірген.

Қазақстан басшылығы осы мақсатқа жету үшін ОБСЕ басшылығымен жан жақты, тығыз қарым қатынас жасауға әзір деген ол.

Елші Антон Рупниктің айтуынша ОБСЕ нің Алматыдағы орталығы жуырда Астанада өзінің жаңа кеңсесін ашқан. Алматыдағы ОБСЕ орталығының ұйымдастыруымен қыркүйектің 22-23 і күндері ОБСЕ жанындағы АҚШ өкілдегінің басшысы Стефан Миникес Қазақстанда іс сапармен болды. Ол Қазақстан басшылығымен кездескен кезінде де Қазақстан жағының 2009 шы жылы ОБСЕ нің кезекті төрағасы қызметін атқаруға ынталы екендігіне байланысты бұны қолдауға болатын нәрсе бірақта Қазақстан ол үшін ОБСЕ нің нормалары мен стандарттарына сай демократия мен адам құқығы және тағы басқа реформаларды өткізу жөнінде алған уәделерін орындауы шарт екендігін Қазақстан жағына айтып, түсіндірген. ОБСЕ нің Алматыдағы орталығының бастығы, елші Антон Рупниктің айтуынша алдағы уақытта осы орталық тарапынан экология мәселесіне арналған 3 үлкен конференция ұйымдастырылып өткізілмекші.
XS
SM
MD
LG