Accessibility links

Украина Европа одағына мүшелікке ұмтылысын одан әрі айқындай түсті.


Европа одағының одан әрі кеңеюі елдің сауда саласына кедергі келтірмей ме? деген сауал төңірегінде әңгіме қозғаған Украйна өзінің аталған одаққа мүшелікке ұмтылысын одан әрі айқындай түсуде.

Украйна мен Европа одағы өзінің алтыншы саммитін қырымдағы Ялтада өткізген болатын. Европа одағы делегациясын қазір осы ұйымға төрағалық етіп отырған Италия өкімет басшысы Силвио Берлускони және Европа комиссиясының төрағасы Романо Проди бастап келген еді. Украйна делегациясына ел басы Леонид Кучма басшылық жасады. Саммит қарсаңында Кучма мырза Уакрайнаның аталған одаққа мүшелікке өтуіне жағдай жасайтын нақты қандай қадамдардың орындалып жатқандығына көз жеткізгісі келетіндігін айтқан еді. Европа одағына жаңадан 10 ел қабылданғаннан кейін өзін економикалық тұрғыда шеттеп қалатындай көрген бұл ел басшылығы сондықтан да дабыл қағуды жөн санаса керек. Әсіресе, Европа одағының заңдарына сәйкес оның шекарасын мығымдау мақсатында, жаңа шекаралық мемлекеттердің іргесін одан әрі бекемдеу қымтай түссе, ондай жағдайда біздің алыс-беріс, барыс-келіс жағдайымыз тұйықталып қалатын болар-, деп уайымдаған Украина басшылығы Қырымдағы саммит кезінде осы сауалды қабырғасынан қойған болатын. Дей тұрғанмен, бұл мәселеге орай Польша елі виза тәртібіндегі жаңа ережелеріне қазанның 1-і күні нақты түсініктеме беріп өткен. Саммиттен кейін Берлускони және Проди мырзалармен өткізген баспасөз мәслихатында Кучма мырза оның қорытындыларына көңілі толатындығын хабарлаған еді.



Дей тұрғанмен, Европа одағының делегациясы Украйнаны аталған ұйым қатарына қабылдау мерзімі жөнінде әл-әзір сөз қозғай қоюдың ерте екендігін еске салып өтті. Осыған қарамастан, Әлемдік сауда ұйымына ену үшін қажетті реформаларды жүзеге асырып және толық нарық економикасына көше алған жағдайда мұндай мүшелікке ұмтылыстың жүзеге асырылатындығын делегация басшылары тағы да қайталады. Берлускони және Проди мырзалар сонымен бірге Украйна елінің Европа одағы шарттарына сәйкес саяси әрі демократиялық өзгерістерді жүзеге асыруы тиіс екендігін де баса айтты. “Күндердің-күнінде сіздің еліңіздің Европа одағына толық мүше ретінде қабылдануын біз қалаймыз”-, деді Берлускони мырза. Ал, Кучма мырза болса саммит нәтижесі жөнінде өз ойын ортаға былайша салды: “Кездесудегі аса маңызды қорытындылардың бірі ретінде Украйна мен Европа одағы арасындағы байланыстарға Европа одағының одан әрі кеңеюінің тигізетін практикалық әсерлері жөнінде сөйлесулерді бастадық. Европа одағының кеңеюі Украйна үшін оның батыс Европаға жақындасу мақсатының жүзеге асуына мүмкіндік жасап, Европа одағына мүшелік мүмкіндігін жақындата түсетіндгін айттық-, деді Кучма мырза. Кездесу барысында екі жақ арасындағы қуат көздері, тасымал және ғылыми салаларда әріптестікті өрістету келісілді.
XS
SM
MD
LG