Accessibility links

2003 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты Иранның құқық қорғаушы заңгері, жазушы Шырын Ибади болып жарияланды.


Ослодағы Нобель комитетінің жұма күні хабарлауынша, 54 жасар Ибади бұл сыйлыққа аналар мен балалардың құқын қорғаудағы белсенділігі үшін ие болып отыр. Халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар мен бірқатар елдердің саяси және қоғамдық қайраткерлері Ибадиге ұсынылған Нобель сыйлығына орай құттықтаулар жолдауда. Ираннан тұңғыш рет осы халықаралық дәрежедегі сыйлыққа ие болған Ибади өзінің Нобел сыйлығына ұсынылғаны туралы алғаш естігендегі қатты таңырқағанын былай жеткізеді. - Мен тіпті бүгінге дейін осы сыйлыққа тағайындалғанымды білмедім және менің радионы тыңдауым қажеттігін ескертіп онда менің атым аталуы мүмкіндігін айтқанда алғашқы бірер сәттерде есімді жия алмай қалдым. Маған мына жағдайдан шығуға мұрсат берсеңіздер, сосын мен сіздерге не істейтінімді айтып беремін - дейді Нобел сыйлығының иегері. Интернэшнл Амнести атты құқық қорғаушы ұйым, Ибадидің Нобел сыйлығына ұсынылғаны -адам құқықтарын қорғау үшін күресіп жүргені баршаға сенім ұялатады деді. Иран үкіметі осы жаңалықты қуанышпен қабылдайтынын айтып, бұл барлық Иран әйелдері үшін үлкен мәртебе деген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG