Accessibility links

БҰҰ-ның Бас хатшысы Рафах босқындар қосына жасаған Израил жорығын айыптады.


Израил танктері мен тікұшақтарының Рафах палестин босқындар қосына жорығы кезінде ішінде жас балалар да бар 15 кісі опат болды. БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан бейбіт тұрғындардың ажалына жеткен бұл жорықты айыптады. Аннан екіжақты да бейбіт тұрғындар шығынына алып келетін қимылдарға бармауға шақырды. Израил жағы болса осындағы қару жасырған туннелдерді қиратпайынша, шегінбейміз дейді. Израил әскері екі туннелді тапқан, алайда онда жасырылған қару болмай шыққан.
XS
SM
MD
LG