Accessibility links

АҚШ әскерилері сенбі күні Тикритте американдық әскерлерге болған шабуылдарға қатысы бар деген күдікпен төрт адамды ұстады.


Және ол жерден Калашников автоматтары бар бірнеше қару-жарақ табылған. Подполковник Стив Расселдің айтуынша, тұтқындалғандардың екеуі- Саддам Хуссейннің Арнайы қауіпсіздік қызметімен байланысы бар деп күдіктеліп отыр. - Шын мәнісінде, бүгін кешкісін біз тұтқынға алған адамдардың екеуінің бұрынғы режимнің Арнайы қауіпсіздік мекемесімен байланысы бар. Бұл біз үшін өте маңызды мәлімет болмақ, біз ол байланыстың мәнісі не екенін білуге тырысып көреміз, - дейді подполковник Стив Рассел. Ирақта болып жатқан тағы басқа оқиғаларға тоқталсақ, сенбі күні Ирақтың Орталық банкі елдің ұлттық валютасын жарыққа шығарды. Саддам Хуссейннің суреті бар ескі банкноттар енді өртелінеді. Ирақтың жаңа ақшасы 15 –ші қазаннан бастап айналымға шығады. Америка президенті Джордж Буш Ирақтың жаңадан шыққан ақшасын экономикалық уәденің белгісі ретінде оң қабылдады.
XS
SM
MD
LG