Accessibility links

Зейнетақыларды есептеу барысында тек қана техникалық қателіктер жіберілген, - дейді Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік жағынан қорғау министрлігі өкілдері.


Қазақстанда бір миллион 600 мыңдай зейнеткерлер бар. Олардың шамамен 64 пайызының зейнетақылары көтерілді. Мұндай ауқымды шараларға мемлекет тарапынан 60 миллиард теңге бөлінген болатын. Зейнетақы көлемін анықтау барысында мамандар ол азаматтардың жұмыс істеген жылдарын, сондай-ақ демалысқа шыққанға дейінгі олардың тапқан еңбекақы көлемін есепке алған еді. Жіберілген қателіктерді түзетуге желтоқсанның 1-іне дейін мүмкіндік беріліп отыр-, дейді Хабар ақпарат агенттігі.
XS
SM
MD
LG