Accessibility links

Балидегі жарылыста қаза болғандардың туыстары мен тірі қалғандар бүгін сол оқиғаның бір жылдығына орай бас қосты.


Бірнеше жүздеген жиналушылардың ішінде көпшілігі Австралиядан келгендер еді. Себебі, сол қайғылы оқиға барысында қаза болғандардың 88-і аталған елден болатын. Еске алу жиылысын Австралия өкімет басшысы Джон Ховард жүргізді. Ол өз елінің көршілерін терролық әрекетке қарсы күресте бірлесе қимылдауға шақырды. “Біз сондай-ақ әлемінің осы түкпіріндегі елдер террорлық әрекеттерге қарсы күресте бірлесе отырып, игілікті істер атқаруымыз тиіс екендігін ұғындық. Өткен жылғы оқиға салдарлары Австарлия мен Индонезия елдерін бұрынғыдан да жақындата түсті-, деді Ховард мырза. Сол бомба жарылған жерде қаза болғандарға арналған ескерткіш бүгін ашылды. 2002-ші жылдың 12-ші қазаны күні 20 шақты елден келген 202-дей кісілер әлгі бомбалық жарылыс кесірінен қаза болғаны белгілі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG