Accessibility links

Пекинде Қазақстан мен Қытайдың сауда министрліктері өзара екі елдің шекарасында “шекаралық сауда аймағын құру” мәселесін талдауда.


ПЕКИН: Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымында “ұйымдаспаған” немесе “челнок” деп ататалатын сауда-саттықтың үлес-салмағы әлі де болса айтарлықтай болып отыр. Ол сауда-саттықтың үлесі жалпы қазақ-қытай сауда айналымының 20-дан 30 пайызына дейін барады. Қазақ ақпарат агенттігінің Пекиннен хабарлағанындай, Қазақстан мен Қытайдың сауда министрліктері екі елдің шекарасында “шекаралық сауда аймағын құру” мәселесін талдауда. Ондай аймақ ашу – екі елдің азаматтары үшін ары-бері визасыз жүріп-тұруын қамтамасыз етіп, капитал мен тауарлардың еркін айналымын қамтамасыз етуді қарастырады. Осы күні екі елдің сарапшылары шекаралық сауда аймағын ашудың техникалық мәселелерін талдап жатқан көрінеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG