Accessibility links

Әзірбайжандағы президент сайлауы қарсаңында Бакуде 50 мыңға жуық адамның қатысуымен оппозицияны қолдаушылардың жаппай шеруі болып өтті.


БАКУ: Әзірбайжандағы 15-інші қазанға белгіленген президент сайлауы қарсаңында Бакуде 50 мыңға жуық адамның қатысуымен оппозицияны қолдаушылардың жаппай шеруі болып өтті. Митингіде сөйлеген сөзінде “Мусават” партиясының көсемі Иса Гамбар Әзірбайжанның қазіргі президенті Гейдар Әлиевті ащы сынға алды. Ол өз қолдаушыларын сайлауға белсенді түрде қатысуға және, жаппай бұрмалауға жол бермес үшін, дауыстар есептеліп болғанша дауыс беру кеңселерінен кетпеуге шақырды. 80-жастағы Г.Әлиев - Әзірбайжанның премьер-министрі болып табылатын өзінің ұлы Ильһам Әлиевтің пайдасына қарай, сайлауға түсуден бас тартты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG