Accessibility links

Ақтөбеде “Еуропа-Азия: шекарасыз ынтымақтастық” атты Ресей мен Қазақстанның бірінші әмбебап көрмесі ашылады.


АҚТӨБЕ: Сәрсенбі күні Ақтөбеде “Еуропа-Азия: шекарасыз ынтымақтастық” атты Ресей мен Қазақстанның бірінші әмбебап көрмесі ашылады. Оған қатысуға өтініш жолдағандардың қатары қазірдің өзінде 100-ден асқан. Қазақ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ақтөбе облысындағы кәсіпкерлер мен жұмыс берушілерінің Одағы ол шараға бастамашы болып отыр. Аталмыш көрмеде тың ғылыми жаңалықтар мен бизнес-жобалардың тұңғыш тұсау кесері болып, әмбебап көрмені ұйымдастырушылар - ғалымдар мен кәсіпкерлер өзара іскерлік келісім-шарттарға отырады деп үміт артуда.
XS
SM
MD
LG