Accessibility links

Шелл-Қазақстан” мұнай компаниясы барлау жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу мақсатында Қазақстан үкіметімен келіссөздер жүргізуде.


АТЫРАУ: “Шелл-Қазақстан” мұнай компаниясы Маңғыстаудағы Бейнеу ауданына қарасты Өлі Қортық аумағында барлау жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу мақсатында Қазақстан үкіметімен келіссөздер жүргізуде. Ол жөнінде “Қазақстан тудэй” агенттігіне Бейнеу ауданының 30-жылдығын тойлау кезінде “Шелл-Қазақстан” компаниясының үкіметпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Құралбек Келжанов хабарлады. Қ.Келжановтың сөзіне қарағанда, “ол мәселе оң шешімін табатын тәрізді”. Дәл қазір Бейнеу ауданының аумағында молдавиялық “Аском” компаниясы тәжірибелік өндіріс жұмыстарын атқаруда, ал “Қазақтүрікмұнай” бірлескен кәсіпорны – мұнай өндіруде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG