Accessibility links

Қазақстан, Орта Азия елдері, Ресей, Франсия және Мысырдың көрнекті ғалымдары мал дәрігерлігінің ІІ-інші Халықаралық конгресіне қатысады.


АЛМАТЫ: Қазақстан, Орта Азия елдері, Ресей, Франсия және Мысырдың көрнекті ғалымдары мал дәрігерлігінің ІІ-інші Халықаралық конгресіне қатысады. Қазақ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ғылыми жиын 15-16-қазанда Алматыда өтпек. Конгресте білім мен ғылым және өндіріс салаларындағы ынтымақтастықты, ветеринария саласындағы халықаралық ақпараттық және интеграциялық байланыстарды нығайту мәселелері сөз болмақ. Ветеринарлық аурулардың алдын алу мен емдеу амалдарына, ауыл-шаруашылық жануарларының асыл тұқымдық ген қорларын жасау мен халықты жан-жануарлардан жұғатын сырқаттардан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінбек. Конгресс барысында жануарларға арналған биодәрі өндірушілердің көрмесі жұмыс істейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG