Accessibility links

Еуропа Одағы Иранды азаматтық бостандықтарды жаппай және өрескел бұзып отыр деп айыптауда.


БРЮССЕЛЬ: Еуропа Одағы Иранды азаматтық бостандықтарды жаппай да өрескел бұзып отыр деп айыптады. Еуропа Кеңесінің Люксембурһтегі бас қосуына жиналған 15 ЕуоОдақ мемлекетінің сыртқы істер министрлері көпшілік алдында дарға асу, қорлық-зорлық сынды жазалаудың басқа да қатыгез түрлерінің Иранда кең көрініс тауып жатқанын ерекше атап көрсетті. Әлгі құжатта, сондай-ақ, Иранда әйелдер мен қыз балалардың жүйелі түрде шеттетілетіні және сөз бостандығы мен діни еркіндіктің шектелгені айтылады. Министрлердің атап көрсетуінше, Теһранмен арадағы диалогты қолдау мақсатында ғана, осы проблемалар БҰҰ-ымында көтерілмей отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG