Accessibility links

Израил әскері Рафах босқындар қосына тағы да жорық жасады.


Бүгін Изарилдың ең кем дегенде 40 танкі Газа секторындағы Рафах палестин босқындар қосына басып кірген. Израил әскері бұл қосқа өткен бейсенбі күні басып кіріп 3 күннен кейін қосты тастап шыққан болатын. Жорық кезінде 8 палестиндік опат болған. БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан қарапайым азаматтар шығынына алып келген бұл жорықты айыптаған. Израил жағы осындағы жерасты туннелдерді қару сақтауға пайдаланды деп палестиндіктерді айыптауда.
XS
SM
MD
LG