Accessibility links

Телебайланыс саласындағы жаңа рұқсат қарапайым ирактықтардың телефон шалуларын жеңілдетеді.

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

Екі кувейттік және бір мысырлық телебайланыс компаниясына сондай ақ, жергілікті инвесторларға Ирақта қол телефондар жүйесін құруға ұрықсат беріліп отыр.

Мамандардың айтуынша, бұл Ирақтың байланыс саласын дамытып, әрі араб елдерінің АҚШ-тың Ирақты қалпына келтіру әрекеттіне деген сенім ұялатады.

Егер сіз Ираққа жер серігі телефоны немесе қол телефонына, болмаса жердегі байланыс жүйесі арқылы телефон соғар болсаңыз, іздеген адамыңызбен байланысу қияметтің өзі.

Ай басында Ирақтың байланыс министрі Қайдар әл Аббади елде қол телефондар жүйесі құрылатындығы жайлы мәлімдеді:

- Ираққа әлемдік деңгейдегі сымсыз телефондар жүйесін әкелетін компаниялар ол- солтүстік аймақтарға "АзияСел", орталық өлкелерге "Оразком", ал оңтүстікке "АзерТел". Жарыс барысында үш компанияның қайсысы халыққа қызмет жасап, әрі байланыс министріне қол телефоны арқылы Ирақтың бірінші осы саладағы жүйесі арқылы телефон соғуға қол жеткізе алады ?

"Оразком" Мысырда орналасқан. "АзияСел" мен "АзерТел" кувейттік компаниялар. 30 дан аса қол телефоны қызметін көрсетуші компания үш екі жылдық тоқтам үшін бақталасты.

Ирақтың бағы мен тағынан айырылған елбасы Садам Хусейн кезінде елде қол телефон жүйесі мүлде жоқ болатын. Үкімет оны ұлттық қауіпсіздік қажеттілігімен әрі халықаралық тиымдармен түсіндіреп келді. Ал дәстүрлі жердегі телефон байланысы АҚШ басшылығындағы соғыс пен саботаж кесірінен жарамсыз күйге келген. Көптеген мамандардың пікірінше, сымсыз телефон жүйесін құру арзан әрі тез байланыс құру мәселесін шешкен болар еді.

Үш тоқтам ирақтық инвесторлармен серіктестікте іске асырылады. Шетелдік 3 консорциум Ирақтың үш аймағының инфрақұрылымына 250 миллион доллардың қаржысын салады. Телебайланыс саласының мамандарының айтуынша, Араб елдерінің компанияларының бұл істі асыруға таңдап алынуы бұл Ирақтың өз көршілерімен қарым-қатынастарын жақсартуға жол ашады. Мәселен Кувейттің "Ватания" телебайланыс компаниясы Ирақтың солтүстіктегі күрдтер басшылық жасайтын атырапта сымсыз байланыс жүйесін құрды, бұл өңірде қазірдің өзінде 50 мың тұтынушы бар. Басқа инвестормен бірігіп, ол "АзияСелл" консорциумын құрды. Ал Кувейттің МТС Водофон компаниясы Ирақтың оңтүстігінде инвестициялық АзерТел консорциумын құрды. Компания аймақта кеңінен пайдалана бастаған ГСМ технологиясын таңдап алды. Кейбір американдық заң шығарушылар мен үкімет ұлықтары АҚШ-тың СДМА технологиясын ұсынды, ол қазір Бағдатта қосымша байланыс жүйесі ретінде пайдаланып жүр. Оны АҚШ-тың Уорлд Ком телебайланыс фирмасы құрып ол әскерилермен азаматтық әкімшіліктің қызметкерлерінің кәдесіне жарап жүр. Ол АҚШ-тың алыстан тасымалдау жүйелерін пайдаланды, сондықтан қарапайым ирақтықтар оған қол жеткізе алмайды.

Лондондық Экономикалық барлаудың сарапшысы Нейл Патриктің айтуынша, "Менің пікірімше, АҚШ әкімшілігіндегі көптеген адамдар Конгрестің кейбір қысымдарына қарамастан, американдық жүйе таңдалып алынады деген сенімде болып келді. Бар мәселе бұл күллі аймақтағы байланысқа шығуға қиыншылық тудырған болар еді."

Ирақта тоқтамдарға қол жеткізген телебайланыс компаниялары өз қызметтерін тұтынушылар саны мөлшермен 2 миллионға жетеді деп күтіп отыр. Британияда орналасқан АРК Груп зертеу және кеңес беруші компаниясының аға талдаушысы Мәлік Садидың ойынша:

- Қол телефондарының ену мүмкіндігі тым төмен. Сондықтан бұл үлкен мүмкіндік. Себебі ол базар мүлде таза. Ал дағдарысты кезеңдерде адамдар бір-бірімен сөйлесуді қалайды. Сондықтан үстіміздегі екі төрт жыл аралығында халықтың 50 пайызы қол телефондарына ие болады деген үміт бар, - деді ол.

Ирақ басшылығы сымсыз телефондардың жаңа жүйелері бірнеше апта ішінде үкімет ұлықтары мен іскер халықтың қолына тиеді деген үмітте.
XS
SM
MD
LG