Accessibility links

АҚШ президенті Буш Ираrта жаңа ақшаның енгізілуімен құттықтады

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

АҚШ президенті Джордж Буш Ирақта еңгізілген жаңа ақшаны құттықтап, бұл шара Ирақ экономикасын алға бастырудағы жаңа бір ерекше кезең деп суреттеді.

АҚШ президенті Джордж Буш, өзінің соңғы апталық радио баяндамасында, Ирақта еңгізілген жаңа ақшаны құптап, бұл іс-әрекет Ирақ экономикасын одан әрі дамыту жолындағы игі шаралардың бірі деп мәлімденді.

Джорж Буш, - Ондаған жылдар бойы ирақ халқы түрлі аймақтарда екі түрлі динар ақшасын пайдаланып келді. Ал ол ақшаның көбі жасанды еді. Сондықтан бар ақшаның өзі құнын жоғалтқан болатын. Қазіргі жаңа динар Ирақтың барлық аймағында қолданылып, ирақ халқын және экономикасын өзара бірігуге көмектеседі. Жаңа ақшада оны қолдан жасауды қиындататын қосымша белгілер бар, - дейді АҚШ президенті.

Президент Буш жаңа ақшаның ел экономикасын өркендетуге рөлі, етер ықпалы жөнінде баса айтты.

- Білсеңіздер, 2-дүниежүзілік соғысы біткеннен соңғы Батыс Германия да жаңа ақша еңгізу 3 жылдан кейін мүмкін болған болса, Ирақта бұл шара соғыстан кейінгі жарты жылда ғана іске асты, - дейді президент Буш.

Одақтас елдер жетекшілері Ирақтағы айналымдағы бар ақшаның шамамен 4 триллион динары алмастырылады , деп жариялаған соң, тамыз айынан бастап ирақтық ресми орындар көне ақшаларды өртей бастаған болатын.

Хабарланғанындай, қазанның 15-інен айналымға түсетін жаңа динарда енді, бұрынғы Ирақ жетекшісі Саддам Хусейннің бейнесі болмайды.

Бағдадта сенбі күні , Ирақ Орталық банкі жұртқа жаңа банкноттарды алғаш рет жариялап, көне ақшалардың өртеліп жатқан кезін де тамашалатты.

Орталық банк меңгерушісінің орынбасары Ахмед Салмен Мохаммедтің айтуынша, көне ақшалар алдағы апталарда да отқа түсе бермек.

- Базардағы барлық ақша, жалпы бұрын шығарылған барлық динар өртелетін болады, - дейді Ахмед Мохаммед.

Соңғы кезге дейін қолданылып келген жалғыз ғана 250 динардың орнына енді, Англияда басылған құны 6 түрлі деңгейдегі динарлар келеді. Ол ақшаларда Саддам Хусейннің бейнесінің орнына ежелгі Бабыл жетекшісі Хаммураби және 10-ғасырда өмір сүрген ирақ математигі Абу Али ал-Хасан ибн ал-Хайтамның бейнелері таңбаланған.

Жаңа ақша көне Саддам динарымен бірге – бір, ал Иранның солтүстігіндегі Күрд аудандарында қолданатын швейцария динарына 150 жаңа динар деңгейінде алмастырылатын болды. Сондай-ақ, АҚШтың бір доллары әзірше 2000 динарға тең.

Көне және жаңа динарлардың алмасу мерзімі 3 ай деп белгіленген. Орталық банк меңгерушісінің орынбасары Мохаммедтің айтуынша, 3 айда жұрт бар ақшасын алмастырып үлгіре алады. – Ал егер ақша алмастыруға 3 ай жетпесе, онда қосымша тағы да екі, үш ай уақыт берерміз, - дейді Орталық банк меңгерушісінің орынбасары Ахмед Мұахаммед.

Ресми орындардың пікірінше, қосымша сақтық шараларына орай, жаңа ақшаны заңсыз жолмен қолдан жасап шығару оңайға түсе қоймас.

Бірақ осы кезге дейінгі айналымдағы көне динарлардың айтарлықтай мол бөлігі жасанды ақша екендігі құпия сыр болмай қалған болатын дейді ақша мамандары.

Міне енді, жаңа ақшаның еңгізілуі арқасында, ресми басшылық, Ирақта орнатылмақ ақша тұрақтылығына үміттеніп отыр деп хабарлайды тілшіміз.
XS
SM
MD
LG