Accessibility links

Ресей парламентінің төменгі палатасы - Дума, Латвия шағын ұлттар мен адамдардың құқығын бұзуда, деген мәлімдеме жариялады


Мәлімдемеде айтылғанынадай, қазіргі кезде Латвиядағы жарты миллиондай тұрғын азаматтық мәртебесіне ие емес. Сол себепті олар жұмысқа орналасу, оқу, дәрігерлік көмек алу құқықтарынан мақұрым. Сондай-ақ, тұрғындардың үштен бірі сайлауда дауыс беру құқығына ие емес.

- Оның үстіне, Ұлы отан соғысының ардагерлері түгелдей дерлік қысым астында. Олардың бір қатары сотқа да тартылған. Бірақ ең таң қаларлығы, Латвиядағы Евро комиссия өкілдері бұл елдегі заң бұзушылық әрекеттерін көрмегендей, байқамағандай болады, - дейді Думадағы сыртқы істер бойынша комитет төрағасы Рогозин.
XS
SM
MD
LG