Accessibility links

“Amnesty International” Путинге азаматтығы жоқ адамдардың атынан өтініш берді.

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

"Amnesty International" Ресей елбасы Владимир Путинің кеңсесіне өтініш беріп ресейлік билік орындарына қазір Ресейде тұратын мыңдаған бұрынғы Советтік азаматтардың бұл елдің азаматтығын ала aлмай отырғандығына назар аударды.

Сейсенбі күні Ресей ішкі істер министрі Борис Грызлов үкіметтің Советтік дәуірдің төлқұжаттарын ресейлік ішкі паспорттарға ауыстыру жұмыстарын аяқтағандығы туралы хабарлады:

"Осыдан жарты жыл бұрын Ресей Ішкі істер министрлігі қабылдаған паспорттандыру ісін екі жылға қысқарту туралы шешімі дұрыс шешім болды, қазіргі таңда ресейлік азаматтардың 98 пайызы жаңа төлқұжаттар алды."

Бірақ құқық қорғаушы Amnesty International ұйымы мыңдаған азаматтардың Ресей азаматтығынсыз қалып отырғандығына назар аударады. Егер бұл мәселе шешімін таппаса, жаңадан қабылданған Ресейдің Азаматтық туралы заңына сәйкес елден қуылу қаупі бар.

"Amnesty-дің" есебінде қазір Ресейде тұрушы азаматтығы жоқ мыңдаған бұрынғы советтік азаматтар бар. Солардың ішінде 13 мыңнан 16 мыңға тарта Ресейдің оңтүстіктегі Краснодар өлкесінде тұрушы месхет түріктері бар, олар 1989 жылғы Өзбекстанның Ферғана аймағындағы ұлтаралық қақтығыстарынан соң осында көшіп келді.

Краснодар өлкесінің басшылығы ағысқа түріктерінің бұл аймақта тұрып жатқандарына 14 жыл толса да оларға Ресей азаматтығын бермей отыр.

2002 жылдың шілдесінде қабылданған заңға сәйкес Ресейде 5 жыл тұрақты тұрған адам бұл елдің азамттығын алуы тиіс. Путинің өзі Парламентке қазір Ресейде тұрушы бұрынғы Совет азаматтарына бұл талаптарды қоймауды ұсынды.

"Amnesty International-дың" мәскеулік кеңсесінің өкілі Сергей Никитиннің айтуынша, месхет түріктерінен басқа Ресей азаматтығына қол жеткізе алмай отырған басқа да ұлттар мен ұлыстар бар.

"Басқада топтар бар. Халықаралық Амнистидың мәліметтеріне сай біздің білуімізше, Әзірбайжан мен Арменияны тастап шықан күрдтер бар, олардың басында да сондай қиыншылықтарға ие. Егер мен қателеспесем ,олар да Ресей Федерациясының оңтүстігінде орналасқан", - дейді ол.

"Amnesty International" Путин жергілікті билік орындарына қысым жасап, месхет түріктері мен күрдтердің азаматтыққа қол жеткізіп, барлығы Ресей заңдарына сай болуын қалайды.

Никитин басқаратын "Amnesty International-дың" белсенділері дүйсенбі күні Мәскеудегі елбасы әкімшілігене 16 мың адамның қолы қойылған өтініш хатты тапсырды. Бұл қолдарды "Amnesty" Ресейдегі адам құықтарының мәселеріне назар аударуға арнап, Европаны автобуспен аралаған 100 күндік сапары кезінде жинады.

Әзірше қолдарды қабылдаған президент әкімшілігі ешқандай жауап қатқан жоқ.
XS
SM
MD
LG