Accessibility links

Ислам конференциясы ұйымына мүше елдер саммиті Малаизияда ашылды.


Әлем мұсылман елдерінің жетекшілері бүгін Малаизия астанасы Путраява қаласында екі күндік өз саммитін бастады. Күн тәртібінде Ирақтағы жағдай. 57 ел мүше болып табылатын бұл конференцияға 30 ел басшысы қатысып отыр. Ирақ делегациясын басқарып келген ҚШ қолдауындағы Ирақ Басқарушы кеңесінің жетекшісі Аяд Аллави. Саммитке Ауғанстан президенті Хамид Карзаи да қатысып отыр. Өз елінде 20 миллион мұсылман тұратын Ресей президенті Владимир Путин саммиттің құрметті қонағы.

"Ресей мұсылмандары көпұлтты, көп сенімді Ресей халқының толыққанды, толыққұқықты бөлігі болып табылады", - деді Путин.

Саммиттті ашарда сөйлеген сөзінде Малаизия үкімет басы Махатр Мохамед әлем мұсылмандарын бірігуге шақырды. Әлем мұсылмандарын өздерін-өздері қорғау үшін зымырандар, бомбалар, қырғиұшақтар, танктер, және соғыс кемелерінің технологиясын игеруге шақырды Малаизия үкімет басы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG