Accessibility links

Әзірбайжанда кеше өткен сайлаудың алғашқы қорытындысы


Әзірбайжанда кеше өткен президенттік сайлаудың алғашқы қорытындысы бойынша президент Гейдар Алиевтың ұлы Ильхам Алиев 79,5 пайыз дауыс жинаған. Бұ жайлы Әзірбайжанның Орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Оппозиция болса бұл дерек сайлауда орын алған жаппай қараулықтың салдары деп отыр. Сайлауда орын алған заңсыздықтарды Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары да атап отыр. Өткен түні Бакуде оппозициялық Мусават партиясының штаб-пәтерінің сыртында осы партияны қолдаушылар мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс болды. Оппозициялық Мусават партиясының жетекшісі Иса Гамбар дауыс беру нәтижесін бұрмалаулар іс жүзінде оның жеңіске жеткенін жоққа шығарды деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG