Accessibility links

Ресейдің Конституциялық соты БАҚ туралы жаңа заңға байланысты бірінші даулы мәселені қарамақ.


Сайлау барысын қамтамасыс етудегі тиым салу заңдары БАҚ-тың шығуларына ескерту жасап жатыр. Ресейдің Конституциялық соты БАҚ туралы жаңа заңның бір жақты оқылуына тексеру жүргізбек.

Ресейдегі БАҚ туралы жаңа заң сайлау науқаны жүріп жатқан шақта оны жан-жақты жариялау кезінде оған тосқауыл қойып отыр.

Жаңа заңның мәтінін журналистер мен сайлауды ұйымдастырушы ұлықтар өзінше түсініп, "оны сайлау науқанын заңсыз тәсілдермен өткізуге " жатқызуда. Ресейдің Конституциялық соты жаңа заң жобасына байланысты 4 әртүрлі наразылық танытуларды білдірген 3 журналис тпен Думаның 100 ден аса өкілдерінің арыз шағымдарын қарауға келісті. 4 арызда заңның 48-ші бабындағы " сайлаушылардың құқықтары " деген бөлігіне келіспестік білдіреді.

Заңға сәйкес ресейлік БАҚ-на үміткерлердің ресми емес міндеттеріне ешқандай қатысы жоқ "олардың жағымды не жағымсыз" бейнесін " басып не радиотеледидар арқылы таратуға болмайды. Бұл сақталмаса онда жергілікті сайлау комиссиялары ескерту жасай алады. Екі ескертуден соң Ақпарат министрлігі сайлау аяқталғанша БАҚ-н уақытша сайлау барысынан алып тастай алады. Бірақ бұны сынаушылар бұл арқылы кез келген сайлау белсенділігіне тосқауыл қойылып, бұл өз кезегінде Ресей Ата заңында қарастырылған ақпаратты жинау, оны алу және тарату құықығына қарама-қайшы келеді.

Жаңа заңға байланысты адвокат Павел Астахов өз пікірін былайша білдірді: "2003 жылдың 12- шілдесіндегі Федералдық заңның кейбір тұстарының Конституцияға сай келуіне күмән тудыруға болады. Ресей федерациясы азаматтрының негізгі сайлау құқықтарына кепілдігі және референдумға қатысу құқықтары. Бұнда сайлау компаниясы кезінде жекелеген үміткерлермен немесе сайлау бірлестіктер және блоктарына азаматтар жағынан және бұқаралық ақпарат құралдары жағынан өз пікірлерін білдіріп және саяси мәселелерді талқылауға тікелей тиым енгізіп отыр."

Бірақ Орталық сайлау комисиясының басшысы Александр Вешньяковтың айтуынша:

"Біз қайтадан Конституциялық сотқа түсірілген арыз берушілердің барлық арыз шағымдарын айғақтары мен уәждардын ой елегінен өткіздік, осыдан кейін біздің пікіріміз бойынша, Ресей федерациясының Конституциясы тұрғысынан оған шәк келтірудің біздің ойымызша қисыны жоқ".

Кейбір бақылаушылардың айтуынша, заңдардың нақты болмауы оларды еркін талдап әрі саяси мүдделерге жүгіндіруге болады.

Бірақ бұл мәселеге Конституциялық соттың назар аударып отырғандығының өзін ресейлік ақпарат құралдары жақсылықтың нышаны деп қабылдап отыр.
XS
SM
MD
LG