Accessibility links

“Әлемдік азық-түлік күні” ғаламдық аштыққа қарсы күрестің қажеттігін көрсетті.

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

Жылда миллиондаған балалар есеймей жатып көз жұмып, миллиондаған ересектер аш құрсақ өмірден өздерінің кемеліне келмей жұмыр әлемнен кетеді.

Бұл көптеген ұлттарды даму жолынан қалдырып, мешеу күйде ұстайды. Қазаның 16-ын БҰҰ-ы "Әлемдік азық-түлік күні" деп жариялады, осы арқылы аштыққа қарсы халықаралық одақтың құрылуына шақырады.

Әлем барша халықты асырауға жеткілікті мөлшерде азық-түлік өндіреді. Бірақ 840 миллион адамзат баласы тойып тамақ ішпейді, олардың көпшілігі дамушы елдердің тұрғындары.

1996 жылы Әлемдік жоғарғы дәрежелі азық-түлік мәселесіне арналған басқосуда 2015 жылға шейін аш құрсақтардың санын екі есе кеміту қарастырылды. Бірақ бұл мақсат шындыққа жанаспай тұр. Әлем бойынша аштардың саны жыл сайын 2 жарым миллионға кемуде. Бұндай қарқын сақталар болса, онда жоғарғы дәрежелі басқосудың мақсаты тек 2115 жылы ғана іске асады.

Бұны ескеріп, "Әлемдік азық-түлік күні" Халықаралық аштыққа қарсы одақ күллі әлем бойынша біріккен майдан құрып, күресуге шақырады. Әлемдік азық-түлік күнінің демеушісі БҰҰ-ның азық-түлік пен ауылшаруашылығына жауапты ұйымының басшысының аға көмекшісі Ева Клейтонның айтуынша, адамның асқа құқығына кепілдік берілуі тиіс.

- Біз аштықты тоқтата аламыз. Біз барлықтарымызға меңзейміз. Егер біз күш-қуатымыз және біздің қаржыларымыз және біздің өндірістер және бірігу мәселелерін біріктірсек, біз аштықты тоқтата аламыз. Сондықтан Одақ елдердегі серіктестерді татуластырып, маңызды мәселелерді таңдап, саяси ынта тудырып, осы арқылы тұрақтылықты қамтамасыз етеді, - дейді Клейтон.

БҰҰ-ның азық-түлік пен ауылшаруашылығына жауапты ұйымының айтуынша, аштықпен күресті ұлтық ең маңызды мәселелер қатарына қоюшы елдердің саны артып келеді. Бірақ бұл елдер халықаралық қолдауға зәру.

БҰҰ-ның азық-түлік пен ауылшаруашылығына жауапты ұйымының басшысы Жак Диюфтың айтуынша:

- Аштықтың басты пайда болу себептерімен айналысу үшін саяси қажеттілік қажет. Ұлттар аштықпен күрес туралы ауызша уәделерді нақты бағдарламаларға айландырулары керек. Көптеген дамушы елдерде басым көпшілік халық ауылды жерлерде тұрады және өмір сүруге қажетті қоректі ауыл шаруашылығынан алады. Сондықтан ауыл шаруашылығына қаржы салудың маңызы бар, - деді Диюф.

Бір қызығы азық өндірілетін ауылды жерлерде аштық ең ауыр, әлемдегі күллі кедей -кепшіктің 75 пайызы ауыл тұрғындарынан тұрады. Көпшілік өздеріне қорек табатын жерге зәру.

Мәселен, Африканың кей елдерінде жерге тек ер адамдар ғана иелік етеді. Аштықпен күрес жолында Уганда өзінің патриархалдық қоғамына өзгеріс енгізіп, әйелдер жерге ие болып, оны өңдеп өздері мен бала шағаларын асырауға қол жеткізген.
XS
SM
MD
LG