Accessibility links

Кедейлікке қарсы күрес күніне орай

  • Мартбек МЕКЕНТАЙҰЛЫ

Қазан айының 17-i –Халықаралық кедейлікті түбірімен жою күні.

Осыған орай қазанның 16-- күні Астанада Қазақстан республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова баспасөз мәслихатын өткізді.

Қазақстанның Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта республика халқының ширегіне жақынының кірістері күнкөрістің ең төменгі деңгейінен аз екен. 2 миллионнан астам адам таза тұщы суға зәру. Ал қоршаған ортаның ластануынан зардап шегіп отырғандар әр аймақта қаншама. 2000 жылы Нью- Йоркте Мыңжылдық Саммитінде 191 елдің басшылары Мыңжылдық декларациясына қол қойған болатын. Онда 2015 жылға қарай Жер бетінде кедейлікті барынша азайту басты мақсат болып белгіленген. «Осының негізінде Қазақстанда 2003-2005 жылдарға арналған кедейлікті төмендету бағдарламасы қабылданып жұмыстар атқарылып жатыр». дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова.

Әлеуметтік қамқорлықты көп қажет ететіндер мүгедектер екені белгілі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі орынбасарының айтуынша қазіргі уақытта Қазақстанда 400 мыңға жуық мүгедек бар. Көмек бірінші кезекте осы жандарға көрсетілуде. Олар жаз айларында түрлі демалыс орындарында емделді.
XS
SM
MD
LG