Accessibility links

Астанадағы Оқушылар сарайына Махамбет Өтемісұлының аты берілді.

  • Әселім ҚАЛКЕНҚЫЗЫ

Осыған байланысты қазанның 17-күні өткен шарада Білім және Ғылым министрі Жақсыбек Күлекеев аталмыш оқушылар сарайы батыр Махамбет Өтемісұлының атында болғаны өте орынды деп ойлаймын деді:


“Бүгін Астананаың ортасындағы Оқушылар сарайына Махамбет Өтемісұлының аты беріліп жатыр. Халқымыздың егемендігі үшін жанын берген біздің батыр ақынымыздың бірі. Биылғы жылы ол кісінің мерейтойы ЮНЕСКО шеңберінде жан-жақты аталып өтіп жатыр. Республиканың аймақтарында да осындай тойлар өткізілуде. Ал енді бүгін Астана қаласындағы осы оқушылар сарайына бұл кісінің атының берілуі меніңше бұның тек ғана тарихи маңызы зор емес, бұның болашақ жастарды тәрбиелеуге беретін үлесі өте зор. Жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеуде бұл кісінің атының оқушылар сарайына берілуі дер кезінде жасалынып отырған іс-шара деп ойлаймын. Бұл үлкен істің басы, осы кісінің аруағы жастарды қолдап жүре берсін!”

Астана қаласындағы нөмірі 26-ы мектептің 11-і сынып оқушысы Өмірбек Бекмұрат өз пікірін былай жеткізді:

“Бүгінгі өткізіліп жатқан іс-шара бұл-Махамбет жырларын халыққа,қазақ еліне насихаттау. Махамбет үні,Махамбет жыры бұл мәңгілік, кәдімгі Абай жыры сияқты солмайтын саябақ.”

Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында осы күні шағын концерт болып, Махамбеттің жырлары оқылды. Биыл республиканың түкпір-түкпірінде Махамбеттің 200 жылдығына арналған әртүрлі іс-шаралар өткізілуде.
XS
SM
MD
LG