Accessibility links

17 қазан халықаралық кедейшілікті жою күні


Қазақcтанда кедейшілікті жоюға қатысты жұмыс пәрменді жүргізіліп жатыр деп айтуға бола ма?

Соңғы жылдары Қазақстан мемлекетінде кедейшіліктің азайып келе жатқандығы туралы жиі әңгіме айтыла бастады. 2003 және 2005 жылдарда Қазақстанда кедейлікті азайтуға орай 610 миллион доллар бөліну көзделіп отыр. Біз осы халықаралық кедейшілікті жою күніне орай біраз азаматтарды әңгімеге тартқан едік.

Әзімбай Ғали, саясаттанушы. Кедейшілік Қазақстанда соңғы төрт жылда төмендеп келе жатыр. Осыдан үш төрт жыл бұрын 32 процент болса, бүгінгі таңда жиырма алты процент. Кейбір деректерге қарағанда тіпті одан да аз. Бірақ енді сол 26 немесе 27 процент кедейлердің үлес салмағы болып есептеледі.

Андрей Чеботарев, саясаттанушы. Қазақстан мемлекетінде кедейлердің саны көбеймегенімен, азайып жатқандығы да шамалы. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жалақы мен зейнетақы көтерем деп уәде бергені белгілі. Дегенмен Қазақстандағы, әсіресе ауылдардағы адамдардың мүлде жұмыссыз екендігін ұмытпаған абзал.

Жайынова Нысаналы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Жәнібек-Тархан ауылының тұрғыны. Тоқсан бесінші жылы мектеп-интернат жабылды. Сонымен менің жұмысым аяқталды. Мектеп-интернат жабылғаннан кейін, мен жұмыстан қысқардым. Сол қысқарғаннан әлі күнге дейін жұмыссыз келе жатырмын. Осы ауыл жылы кезінде де, оның алдында да үкіметтен соқыр тиын көмек алған емеспін. Тіпті жарты қапшық ұным да жоқ. Ешқандай жағдай жоқ, нанар болсаң, нөл-нөл жағдайымыз. Осы үйге келіп біреу мені өлтірем десе де бес тиын ақша тауып бере алмаймын.

Ермұрат Бапи, тәуелсіз журналист. Біздің ел жайнап жатыр, жарқырап жатыр, өсіп жатырмыз деп, мынау Алматыдағы бес-алты көше мен облыс орталығындағы бір-екі көшені немесе кеңселерді жиі-жиі көрсетіп кеуде қаққанымен, үкіметтің кедейшілікті жою үшін жұмыс жасап жатқандығына менің күмәнім бар. Оған бір-ақ мысал 2003 және 2005 жылдарға Қазақстандағы кедейшілікті азайтуға үкімет тарапынан 610 миллион доллар ғана бөлінуі. 610 миллион доллар деген, кедейшілкпен күрес емес, кедейлердің тағдырына күле қараудың, оларды мазақ етудің белгісі деп түсінемін.

Жақсыбай Бәзілбаев, «Отандастар» партиясының тең төрағасы. Мен бүгін халықаралық кедейшілікті жою күніне орай Алматы қаласындағы Сейфуллин көшесін аралап , жұмыссыздармен кездестім, олардың үкіметке деген өкпесі қара қазандай. «Аға өміріміз жақсы болған соң осы жерде жүрміз ба, ішетін тамақ пен киетін киім таба алмаған соң, осы жерде жүрміз ғой. Екі-үш күн тұрып, бір тиын таппайтын күніміз бар» деп, мұңдарын шақты. Сондай-ақ, мен базардағы тұратын азаматтармен де сөйлестім. Біздің ресми кеңселер, базардағы тұрған азаматтарды жұмысы бар адамдардың қатарын қосып қойыпты. Бұл дұрыс емес.

Ауылға барып сендерге жұмыс орны ашылды ма деңізші. Еш жерде, ешқандай ауылда жұмыс орны ашылған жоқ.
XS
SM
MD
LG