Accessibility links

Малайзияда Ислам Конференциясының саммиті өтіп жатыр.


Малаизияда әлемнің 57 елі мүше болып табылатын Ислам Конференциясына мүше елдер жетекшілерінің саммиті өтіп жатыр. Саммитте Ирақ, Таяу Шығыстағы жағдайлардан бастап Шешенстан мәселесіне дейін сөз болды.

Әлемнің 57 елінің жетекшілері Малаизия астанасы Путраявада өтіп жатқан саммитке қатысып отыр, деп жазады радиомыздың талдаушысы Рон Синовитс. Конференция мақсаты әлемдегі ислам қауымдастығы мен ислам дінінің болашағына назар аудару екенін саммитті ашарда Малаизия үкімет басы Махатр Мохамед бірден ашып айтты:

"Біз, Ислам Конференциясына мүше елдер жетекшілері, бүгін осында ислам мен мұсылман қауымдастығының болашағын белгілейміз деген үмітпен жиналып отырмыз".

Конференцияда көтерілген басты тақырыптың бірі, әрине, Ирақ мәселесі еді. Алайда бұл тақырып конференцияға қатысушылар арасында жік тудырды. Ирақ бойынша Конференция ұсынған қаулы жобасы, мысалы, Ирақ делегациясын үркітті. Ирақ Басқарушы Кеңесінің жетекшісі әрі делегация басшысы Аяд Аллави бұл қаулы Ирақтың ішкі ісіне қол сұғу деді. Қаулы жобасында Ирақ мәселесінде басты рөлді тек БҰҰ-на беру керек деген талап бар. Аяд Аллави оған келіспеді. Оған себеп Конференция ұсынған қаулы БҰҰ-ның ҚК кеңесінің бейсенбі күні қабылдаған Ирақ бойынша жаңа қаулысының рухына қайшы еді. Конференциядағы Ирақ делегациясының ұстанымын Кувеит делегациясы да қолдады. Ирақтың өтпелі кезеңіндегі билігі Ирақтың Басқарушы Кеңесіне берілуі керек деді Кувейт делегациясының жетекшісі Фахад Ал–Сахаб.

20 миллион мұсылманы бар ел Ресей президенті Владимир Путин Конференцияға қонақ ретінде қатысып сөз сөйледі.

"Ресей мұсылмандары көп сенімді, көпұлтты Ресей халқының ажырамас, толыққанды бөлігі болып табылады".

Конференцияда сөйлеген сөзінде Ресей президенті Шешенстандағы абыройсыз соғысты халықаралық терроризм мәселесімен байланыстыруға тырысты деп жазады мәскеулік тілшіміз София Ламброшини.

"Кейбіреулер діни ұрандарды малданып өз бауырларына, әріптестеріне, заңды билікке қарсы соғысып жікшілдік, терроршылдық отына май құйып жүр", - дей келіп Путин Шешенстандағы соғысты сынаушыларды өткір сынға алды.

"Ал өзге біреулер болса саяси қысым жасау үшін бұл жағдаятты қара бас қамына пайдаланып жүр, оның не илсамға, не адам құқына, не халықаралық заңға қатысы жоқ".

Ислам Конференциясына қонақ ретінде қатысқан Путин бұл ұйымға Ресейдің ресми бақылаушы ретінде қатысуға мүдделі деді.

"Ресейдің қатысуы бұнда Ресей мұсылмандарының аса маңызды үнін әкелер еді".

Малаизияда өтіп жатқан Ислам конференциясына Ресей делегациясының құрамында Шешенстанның жаңа сайланған президенті Ахмед Қадыров та бар. Кадыров Шешенстан президентінің осы конференцияға қатысуы өз халқы қатысуы үшін мәртебе екенін айтты.

"Ресей президенті делегациясының құрамында менің осында келуімнің өзі біздің халқымыз үшін қуаныш".
XS
SM
MD
LG