Accessibility links

Тонни Блейер және Жак Ширак Ирақ жөніндегі жаңа резолюцияға қанағат танытты


Біріккен Ұлттар Ұйымы бейсенбі күні Ирақ жөнінде жаңа қаулы қабылдады, негізгі әскери басшылықты Америка Құрама Штаттарының құзырында қалдырды. Британия бас министрі Тонни Блейер және Франция президенті Жак Ширак бұған қанағат танытты. Қауіпсіздік Кеңесінің 15 мүшесі бірауыздан қабылдаған резолюцияны АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауелл дипломатиялық жеңіс деп сипаттады. Себебі Ресей, Франция, Германия және Сирия сияқты Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері АҚШ ұсынған жобаға қарсы болатын. АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауелл жаңа резолюция Ирақтың қайта құруына басқа мемлекеттердің атсалысуына кең жол ашады деп үміт айтты. Мәселе ынта білдіреген мемлекеттердің әскерлерін кіргізуде емес, мәселе Ираққа кеңірек көмектесуде, деді Колин Пауелл. Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа қаулысы көпұлтты бітімгершілік әскерді басқаруды Америка Құрама Штаттарына бұйырып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG