Accessibility links

Хьюстон және Жаңа Орлеан әуежайларында төтенше жағдай болды


Америка Құрама Штаттарының Хьюстон және Жаңа Орлеан қалаларындағы әуежайларда бейсенбі күні кешке картон қағазды кесетін пышақтар мен жарылғыш заттардың жалған макеттері табылды. Бұл төтенше жағдай деп қабылданды. Дәл осындай пышақтармен 2001 жылы 11 қыркүйекте террорлық шабуыл жасағандар қаруланған болатын. Пышақтарды ұшаққа алып шықпақшы болған жолаушы қолма қол ұсталды. Федералды тергеу басқармасының директоры Роберт Мюллер бұл жолы террорлық шабуылдың қаупі болған жоқ. Ұшақтармен жол жүру қаупі жоқ, деп бұқараға мәлімдеме жасады. Террорлық шабуыл қаупі бар ма, жоқ па деген күдікпен "Оңтүстік-Батыс әуе жолдары" компаниясының барлық 385 ұшағы тексерілді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG