Accessibility links

Таяу Шығыста тағы адам шығыны болды


Газа секторындағы Рафах босқындар ауылында Израил сарбаздары палестиналық жауынгерлермен атысты. Үш палестиналық азамат қаза тапты, олардың біреуі – "Хамас" жауынгерлік тобының сарбазы. Израил әскери басшылығы палестиналықтар өздері бірінші оқ атты дейді. Израил әскери басшылығы босқындар ауылында жер асты тоннельдерін іздестіріп жатыр. Ол тоннельдер арқылы палестиналықтар көршілес Египеттен қару жарақ тасиды деген күдік айтылады. Тінтулердің барысында Израил сарбаздары 100 ден аса үйді қиратты, бір мыңнан астам адамды баспанасыз қалдырды, дейді палестиналықтар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG