Accessibility links

Талибан әскерінің жауынгерлері біршама төбе көрсетті


Талибан әскерінің бір топ жауынгері кеше біршама төбе көрсетті, Ауғанстанда Хост провинциясының батыс тұсымен Пактиа провинциясының орталығы Гардезді жалғайтын жолда қоқаңлоқы көрсетті. 30-50 шақты талибандық жауынгер үлкен жолдағы мәшинелерді тоқтатып, ел жұртқа соқтыққан. Олар сақал қоймаған еркектерді ұрып, мәшинелердің ішіндегі музыка кассеталарын жерге лақтырып, сес көрсеткен. Жұрт Талибан салттарына көнбесе жаза одан да қатты болады, деп ескерту айтылды. Әсіре исламшыл салтты орнатқан Талибан үкіметі 2001-ші жылы АҚШ бастаған әскери науқанның барысында құлатылған болатын.
XS
SM
MD
LG