Accessibility links

Оңтүстік Корея елі Ираққа бітімгершілік әскер жолдайтын болды


Оңтүстік Корея елі Ираққа бітімгершілік әскер жолдайтын болды. Сөйтіп, Оңтүстік Корея үкіметі Ирақты қайта қалпына келтіруге үлес қоспақ. Жасақта 675 сарбаз болады. Оңтүстік Корея үкіметі Ираққа алдағы төрт жылда 60 миллион доллар береміз деген. Бұған тағы 200 миллион доллар қосылады деп ресми мәлімденді. Жапония үкіметі де Ираққа бітімгершілік әскер жолдаймыз, Ираққа 1500 миллион доллар ақша береміз дейді.
XS
SM
MD
LG