Accessibility links

Әзірбайжандағы қақтығыстарға оппозиция басшылары айыпталып отыр


Әзірбайжанда сәрсенбі күнгі президенттік сайлаудан кейін болған толқу мен қақтығыстарға оппозиция айыпты, деп мәлімдеді бас министр Ильхам Әлиев. "Оппозиция басшылары жауапқа тартылады. Оппозициялық "Мұсават" партиясының төрағасы Иса Ғамбар қамауға алына ма, жоқ па – оны тергеу орындары шешеді", деді Ильхам Әлиев. Президенттік сайлауда Ильхам Әлиев жеңді деген соң оппозицияны қолдаған халық қатты наразылық танытты. 80-жасар президент Ғейдар Әлиев биліктен кетті, оның орнын ұлы Ильхам басты. Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Америка Құрама Штаттары және Европа Одағы Әзірбайжандағы сайлау халықаралық талаптарға сай өтпеді деді. Қақтығыстардың барысында 200 - ге жуық азамат қамауға алынды. Наразылық танытқан бір адам полиция қолынан қаза тапты, ондаған адам жараланды.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG