Accessibility links

ЮНЕСКОда Орта Азия өркениеттерінің тарихы кітабы таныстырылды.


ҚазАқпарат агенттігі хабарлағанындай, дүйсенбі күні Париждегі ЮНЕСКО штаб пәтерінде Орта Азия өркениеттерінің тарихы деген кітаптың 5-томымен таныстыру рәсімі өткен. Бұл еңбекті дайындауға әлем елдерінің 300-ден астам ғалымдары қатысқан. Бастапқыда Ауғанстан, Үндістан, Иран, Пәкістан, Кеңес Одағы, Моңғолия және Қытай елдерінің зерттеушілері ғана қатысқан бұл жоба 80 жылдардан кейін өз зерттеу нысандарын кеңейте түскен. Жаңа томның ішінде Қазақтар деген бөлім бар. Қазақстандық белгілі тарихшылар Байпақов және Көмеков дайындаған ол мақалада қазақ халқының қалыптасуы, қағанаттардың, қазақ жүздерінің пайда болуы, жоңғар шапқыншылығы жайында айтылады. 5 томды құрастыруға қазақстандық тағы бір тарихшы Нұрболат Масанов та қатысыпты. Ол Экономика, Өндіріс және сауда бөлімін дайындауға үлес қосыпты.
XS
SM
MD
LG